Қытайда демографиялық апат басталып келеді
Қытайда демографиялық апат басталып келеді
2 жыл бұрын 5847 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың ұлттық статистика бюросы келтірген дерекке қарағанда, өткен жылы (2021 ж.) елде шамамен 10,6 млн бала дүниеге келген, бұл көрсеткіш 2020 жылғысымен салыстырғанда аттай 12%-ға аз. Бұл жайында islam.kz порталы Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2021 жылдың соңындағы ел тұрғындарының қарасы - 1,413 миллиард адам. Бұл көрсеткіш 2020 жылғысымен салыстырғанда 480 000 адамға көп. Аталған елдегі туу көрсеткішінің төмендеуі өз кезегінде экспорт пен инвестицияға емес, тұтыну шығындарына негізделген ел экономикасына үлкен соққы болып тимек, бұдан бөлек, демографиялық кері сальдо елдің технологиялық дамуына кедергі келтіреді. Ең бастысы – таяу болашақта, ары кетсе ширек ғасырдан кейін Қытайды жұмысшы күші азайып, экономиканның дамуы баяулайда. Ал бұл жайт өз кезегінде Қытайдың геосаяси салмағы мен саясатында айтарлықтай өзгерістеге алып келмек. Сарапшылардың айтуынша, елдегі туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне жан басына шаққандағы өндірісі мөлшерінің әлемдік орташа деңгейден төмен болуында жатыр. Бұған қоса, Қытай халқы шапшаң қартайып бара жатқан халықтар санатында, сол себепті, ел қазынасына үлкен салмақ түседі – әлеуметтік шығын артады. Қытайдағы бұл ағымсыз демографиялық ахуалдың қалыптасуына биліктің өткен ғасырдың 70-ші жылдарына бастап, халықтың табиғи өсімін ресурсты үнемдеу мақсатында қолдан тежеуі себеп болып отыр. Осылайша аталған ел кезінде жіберілген қателік пен солақай саясаттыі кері салдарын тартуда. 2011 жылыд елдегі жұмысқа жарамды азаматтар қарасы 925 млн адамды құраған еді –сол жылдан кейін еңбекке қабілетті тұрғындар қарасы жылдан жылға азайып келеді, сол кезден бастап ел билігі бұл мәселеге жеткілікті мән беріп, «Бір отбасы – бір бала» саясатынан бас тарту тарапында елеулі қадамдар жасап келеді. Дәлірегі, Қытай билігі тууды шектеуді 2015 жылдан бастап алып тастады. 16 бен 59 жас аралығындағы адамдардың, яғни, ресми еңбекке жарамды халықтың үлесі 2020 жылғы санақтағы 63,3%-дан 882,2 миллионға немесе жалпы ел тұрғындарының санына шаққанда 62,5%-ға төмендеді. Бұл көрсеткіш осыдан он жыл бұрынғы мәліметке (70,1%) қарағанда төмен. Қытай демографтарының топшылауынша, 2050 жылға қарай елдегі жұмысқа жарамды тұрғындар қарасы бүгінгі көрсеткіштің жартысына дейін азаюы мүмкін. Бүгінде Қытайда жасы алпыстан асып кеткен қарттар қарасы 267 млн адамға жеткен, яғни, ел тұрғындарының жалпы санының 18,9%-ын құрап отыр. Ал бұл көрсеткіш 2020 жылы 264 млн болатын (сол кездегі халық санына шаққанда 18,7%). Демографиядағы бұл кері тенденция Қытай билігінің қарулану мен технологияны дамытуға бөліп отырған қаржысын кемітіп, елдің жалпы дамуына нұқсан келтіреді.

Ұқсас материалдар:

«2050 жылға дейін қытай халқы екі есеге азаяды – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/alem/2050-jylga-deiin-qytai-halqy-eki-esege-azayady-zertteu-15836/#gsc.tab=0);

«Бір отбасына үш балаға дейін дүниеге әкелуге рұқсат етілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-otbasyna-ush-balaga-deiin-duniege-akeluge-ruqsat-etildi-15299/#gsc.tab=0);

«Қытай «бір отбасы – бір бала» саясатынан түбегейлі бас тартпақ» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-bir-otbasy-bir-bala-sayasatynan-tubegeili-bas-tartpaq-14444/#gsc.tab=0);

«30 жылдан соң адамзат қарасы азая бастайды (конспирологиялық болжам)» (https://islam.kz/kk/news/arturli/30-jyldan-son-adamzat-qarasy-azaya-bastaidy-konspirologiyalyq-boljam-13048/#gsc.tab=0);

«30 жылдан соң Қытай халқының жарты млрд-қа жуығын қарттар құрайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/30-jyldan-son-qytai-halqynyn-jarty-mlrd-qa-juygyn-qarttar-quraidy-12505/#gsc.tab=0);

«Әлем Қытай халқын көпісініп еді... Қытай халқы азайса, әлемге қандай қауіп төнеді?» (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-qytai-halqyn-kopisinip-edi-qytai-halqy-azaisa-alemge-qandai-qauip-tonedi-15227/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат