Индонезияның жаңа астанасының атауы белгілі болды
Индонезияның жаңа астанасының атауы белгілі болды
3 жыл бұрын 3106 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Елдің оңтүстік-шығысында орын тепкен Калимантан аралында бой көтеретін Индонезияның жаңа астанаса Нусантара деп аталатын болды. Бұл сөз «архипелаг» деген мағына береді. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Индонезия астанасының атауы туралы аталған елдің ұлттық дамуды жоспарлау министрі Сухарсо Моноарфа мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл атау Индонезияның аумағынан тысқары жерлерде де белгілі: мемлекетті «архипелаг» ретінде сипаттайтын атау. Сәл шегініс: Индонезия астанасын Жакартадан өзге жерге ауыстыру турады шешім 2019 жылы қабылданған болатын. Мұны аталған ел президенті Жоко Уидодо Жакарта қаласы тұрғындарының саны шамадан тыс көбейіп кеткенімен, қауіпті экологиялық жағдаймен («30 жылда аса ірі мұсылман елінің астанасы су астында қалады» (https://islam.kz/kk/news/alem/30-jylda-asa-iri-musylman-elinin-astanasy-su-astynda-qalady-16037/#gsc.tab=0) , инфрақұрылымына шектен тыс салмақ түсуімен түсіндірген болатын. Бұл мақсатта (астананы көшіруге) мемлекет есебінен 32 млрд доллар бөлінгенін де айта кетпекпіз. Алайда, кенеттен киліккен жұқпалы індетке байланысты стартегиялық маңызы зор шешімді орындау мерзімі шегерілген еді. Индонезия 18 мың аралдан тұратын әлемдегі аса ірі архипелагте орналасқан ел.

0 пікір
Мұрағат