2050 жылға дейін қытай халқы екі есеге азаяды – зерттеу
2050 жылға дейін қытай халқы екі есеге азаяды – зерттеу
3 жыл бұрын 2395 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдағы Сиан қаржы және экономика университетінің мамандары елдегі демографиялық ахуалға өз зерттеуін жүргізіп көрген екен. Аталмыш жоғарғы оқу орны ғалымдарының келтірген дерегіне қарағанда, жақын болашақта, әсіресе, 30 жыл Қытай үшін ауыр соғайын деп тұр: қытай халқы шапшаң қартайып барады әрі туу көрсеткіші төмендемек (Қытай билігі 1970-ші жылдары енгізген «Бір бала – бір отбасы» шектеу саясатынан бас тартып,  үш балаға дейін тууға ресми рұқсат берсе де). Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post (SCMP) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта ел арасында арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, кейінгі буын өкілдері отбасын құруға асықпайды немесе отбасы құндылығынан бас тартады, дәлірегі, шаңырақ көтергісі келмейді немесе бала тууды жоспарламайды. Бұған ең алдымен әлем бойынша отбасы институы маңызының кемуі мен экономикалық-әлеуметтік жағдай (баспананың қымбаттығы, жәрдемақының мардымсыздығы, жұмыссыздық, т.б.) өз салқынын тигізіп отырған алға тартады демографтар. Халқының саны азайса,  бұл жайт өз кезегінде Қытайдың үстем держава мәртебесіне көлеңкесін түсірмек. SCMP мәліметі бойынша (жаңа әдіснамаға негізделген статистикалық дерек) бүгінгі таңда Қытайдағы балалар саны ел тұрғындарының бар-жоғы 17%-ын құрап отыр, ал жасы алпыстан асып кеткен егде тұрғындар қарасы 18%-ға жеткен. Ғалымдар ел тарихында мұндай демографиялық жағдайдың, яғни, қарттар санының балалалр санынан асып түскені алғаш рет тіркеліп отырғанын жеткізді. Бұл демографиялық тенденция жалғаса береді деп есептейді алдағы 30 жылда.

Ұқсас материалдар:

«Бір отбасына үш балаға дейін дүниеге әкелуге рұқсат етілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-otbasyna-ush-balaga-deiin-duniege-akeluge-ruqsat-etildi-15299/#gsc.tab=0);

«Қытай «бір отбасы – бір бала» саясатынан түбегейлі бас тартпақ» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-bir-otbasy-bir-bala-sayasatynan-tubegeili-bas-tartpaq-14444/#gsc.tab=0);

«30 жылдан соң адамзат қарасы азая бастайды (конспирологиялық болжам)» (https://islam.kz/kk/news/arturli/30-jyldan-son-adamzat-qarasy-azaya-bastaidy-konspirologiyalyq-boljam-13048/#gsc.tab=0);

«30 жылдан соң Қытай халқының жарты млрд-қа жуығын қарттар құрайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/30-jyldan-son-qytai-halqynyn-jarty-mlrd-qa-juygyn-qarttar-quraidy-12505/#gsc.tab=0);

«Әлем Қытай халқын көпісініп еді... Қытай халқы азайса, әлемге қандай қауіп төнеді?» (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-qytai-halqyn-kopisinip-edi-qytai-halqy-azaisa-alemge-qandai-qauip-tonedi-15227/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат