Қытайда америкалықтардың технологиясына тыйым салу науқаны басталып кетті
Қытайда америкалықтардың технологиясына тыйым салу науқаны басталып кетті
1 жыл бұрын 1084 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі америкалықтар технологиялық өнімдері арқылы аңдуы мүмкін деген қауіппен мемлекеттік қызметкерлеріне iPhone смартфонын пайдалануға тыйым салған еді. Осы жылдың қыркүйек айының аяғына таман. Керісінше америкалықтар қытай технологиясынан қауіптеніп, ел аумағында қолдануға тыйым салғаны турасында кезінде хабарлаған едік. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әзірге Apple өнімдерінен мемлекеттік  мекемелер мен корпорациялардан бөлек Шыңжың, Жынсу, Гуандун, Анхой, Шандун, Шанси, Лианин және Хейбей қызметкерлерінің бас тартқаны белгілі болып отыр. Америкалық смартфонның орнына отандық өнімді қолдану талап етілуде. Қытайдағы аталмыш тыйымның нақты ауқымы әзірге белгісіз. Бұл тыйымның орындалуына қаншалықты қадағалау жүргізілетіні де беймәлім. Ал сарапшылардың пікірінше, Қытай билігі мұндай қадамға шетелдік технологияға тәуелділікті азайту мақсатында барып отыр. Оры орайда мұндай тыйым Ресей Федерациясында да енгізілгенін айта кету керек. 2023 жылдың бас кезінен бері ресейлік мемлекеттік мекемелерде Apple өнімдерін қолдануға тыйым салынған болатын. Америка құрама штаттарының бірқатар штаттарында Huawei технологиясы мен TikTok әлеуметтік желісіне тыйым салынғанын да естеріңізге сала кетпекпіз. Қытайдың жасырын аңду құралдары ретінде қытайдың бақылау камераларына Еуропаның бірқатар елінде тыйым салынған.

Ұқсас материалдар:

«АҚШ «чип соғысында» Қытайға тағы бір «соққы» бермек» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqsh-chip-sogysynda-qytaiga-tagy-bir-soqqy-bermek-19202/#gsc.tab=0);

«Чип соғысында» қытай тарапы қарымта қайтарды» (https://islam.kz/kk/news/alem/chip-sogysynda-qytai-tarapy-qarymta-qaitardy-18859/#gsc.tab=0);

«Қытайда ең дәулетті 100 чип өндірушінің байлығы 28%-ға ортайды» (https://www.islam.kz/kk/news/madeniet/qytaida-en-dauletti-100-chip-ondirushinin-bailygy-28-ga-ortaidy-17896/#gsc.tab=0);

«Қытай дамуының жаңа "платформасы" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-damuynyn-jana-platformasy-11484/#gsc.tab=0);

«Қытайдың аңдуға арналған технологиясын әлемге таратуының қаупі неде» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-anduga-arnalgan-tehnologiyasyn-alemge-taratuynyn-qaupi-nede-12513/#gsc.tab=0)  

«Германия 5G желісі бойынша қытай технологиясына тыйым салуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/germaniya-5g-jelisi-boiynsha-qytai-tehnologiyasyna-tyiym-saluy-mumkin-19196/#gsc.tab=0);

«Нидерланды озық технологияны Қытайға экспорттауға тыйым салды» (https://islam.kz/kk/news/alem/niderlandy-ozyq-tehnologiyany-qytaiga-eksporttauga-tyiym-saldy-18845/#gsc.tab=0);

«Үндістан да қытай технологиясынан бас тартты» (https://islam.kz/kk/news/alem/undistan-da-qytai-tehnologiyasynan-bas-tartty-19003/#gsc.tab=0);

«Ұлыбритания мемлекет нысандарындағы қытай жабдықтарын жояды» (https://islam.kz/kk/news/alem/ulybritaniya-memleket-nysandaryndagy-qytai-jabdyqtaryn-joyady-18733/#gsc.tab=0);

«Ұлыбританияда қытай дрондарын пайдалануға тыйым салуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/ulybritaniyada-qytai-drondaryn-paidalanuga-tyiym-saluy-mumkin-18182/#gsc.tab=0);

«Қытайдың «тыңшы» видеокамераларына тыйым салынуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-tynshy-videokameralaryna-tyiym-salynuy-mumkin-15397/#gsc.tab=0);

«Қытайдың аңдуға арналған технологиясын әлемге таратуының қаупі неде» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-anduga-arnalgan-tehnologiyasyn-alemge-taratuynyn-qaupi-nede-12513/#gsc.tab=0);

«НАТО бас хатшысы Қытаймен арадағы сауда-саттықты сақтықпен жүргізуді талап етті» (https://islam.kz/kk/news/alem/nato-bas-hatshysy-qytaimen-aradagy-sauda-sattyqty-saqtyqpen-jurgizudi-talap-etti-18792/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат