|
Қытай өлім жазасына кесілген тұтқындардың ағзаларын пайдалануды тоқтатады
|
Қытай билігі 2015 жылдың қаңтар айының 1-і күнінен бастап өлім жазасына кесілген тұтқындардың ағзаларын медициналық мақсатта пайдалануды тоқтататынын мәлімдеді.
Бұл жайында Baq.kz хабар таратты. Пекин осыдан екі жыл бұрын осынау әрекетке тоқтау саламыз деп уәде берген болатын. Алайда, оның нақты уақыты тек бүгін айтылып отыр.
Бұған дейін адам құқықтарын қорғау ұйымдары Қытай билігін айыптап, бірнеше рет мәлімдеме жасаған еді. Олар ел билігі сотталғандардың немесе олардың туыстарының рұқсатынсыз дене мүшелерін алуға құқығы жоқ деп дабыл қаққан еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Әлемде алғашқы электр қуатынсыз және адам көмегінсіз жұмыс істейтін ДНҚ-компьютер пайда болды