|
Француз парламенті Палестинаның тәуелсіздігін мойындады
|
Француз парламенті де Палестина тәуелсіздігін мойындады. Бұл жайында OnIslam.net ақпарат көзі хабар таратты. Билік басындағы социалистер партиясы ұсынған бұл бастамаға өзге де партиялар қолдау көрсетті. Француз парламентінде осынау бастаманы 339 депутат жақтап дауыс берсе, 151 халық халаулысы қарсы шықты. Бұл дауыс беру рәсімі ел үкіметін қандай да бір нақты қадамдарға итермелемесе де, осының өзі Израилдіктердің басқыншылығынан жапа шеккен палестиналықтарға үлкен демеу болады. Осы арада мынаны айта кету керек: дамушы елдердің көбісі Палестинаны мемлекет ретінде мойындап жатқанда Батыс Еуропа елдері Палестина тәуелсіздігін тек АҚШ-тың және Израилдің келісімімен ғана мойындауы мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Адамды аман қалдырмайтын, миды кеміретін құрттың бір құпиясы ашылды (видео)
■
Жасанды зерде адамзаттың түбіне қалай жетуі мүмкін – зерттеу
■
Өмір мен өлім арасындағы халдің болатыны немесе “аралық шақ” туралы айтылды
■
Отбасы банкі ислам банкингін көрсететін қызметтер тізіміне енгізді
■
Әл-Рауд әл Шәріпке мұсылмандар жылына бір мәрте кіре алады – жаңа ереже