|
Казиноның орнына мешіт ашылды
|
Татарлардың «Туған ауылым» кешенінің аумағында жаңа мешіттің ашылу шарасы болып өтті. Бөренеден қиып салынған мешіттің есігі тәулік бойы ашық тұрады. Мұнда әйелдерге арналған бөлме, дәрет алатын зал, шариғат талаптарына сай ас мәзірін ұсынатын кафе мен мейрамхана бар. Сондай-ақ, тегін автотұрақ бар. Бір қызығы, бұрын бұл жерде казино орналасқан екен. Казиноның орнына мешіттің ашылуын жергілікті тұрғындар жақсылыққа жорып отыр. Мешіттің ашылу салтанатына орай Ресейдің мұсылман жастар одағының мүшесі Ильнар Зиннатуллин «Ислам және отбасы, осы жолда жиі кездесетін түйткілді мәселелер» атты тақырыпта дәріс оқыды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Әлемде алғашқы электр қуатынсыз және адам көмегінсіз жұмыс істейтін ДНҚ-компьютер пайда болды