Қытай халқының қартаю процесінің негізгі себебі айтылды
Қытай халқының қартаю процесінің негізгі себебі айтылды
1 жыл бұрын 1035 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы бертінгі уақытқа дейін халық санының көптігі бойынша бірінші орыннан көрінген Қытай экономикалық өрлеуге қол жеткізді. Әлбетте, бұған халқының саны да сөзсіз ықпал етті. Алайда, осы экономикалық өрлеу өз кезегінде халлықтың қартаю процесінің негізгі себебіне айналған. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Қытай халық университеті ректорының орынбасары, геронтология институтының директоры және аталған елдің көрнекі демогрофы Ду Пен Қытай 1949 жылы халық республикасы болып құрылғанда азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 40 жас болғанын, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 78 жастан асқанын жеткізді. Осылай деген ол 2020 жылы 100-ге дейін ғұмыр сүргендер қарасының 118,8 мың адамға жеткенін де жасырмады. Осылайша 100 мың адамға шаққанда Қытай ғұмыр ұзақтығы бойынша АҚШ пен Жапонияның өзін артқа тастаған. Сондай-ақ, ол таяу уақытта жыл сайын 60 жастан асқандар саны 10 млн адамға көбейетінін әрі бұл тараптағы көрсеткіш 2050 жылы 520 млн-ға жетіп жығылатынын тілге тиек етті. Яғни, жасы 60-тан асқандар саны аталған мерзімді ел тұрғындарының 37,8 пайызын құрайтын болады. Сөз орайы келгенде өткен жылы Қытайда алғаш рет туу көрсеткішінің төмендегенін айта кету керек, яғни, 2022 жылы 9,56 млн бала дүниеге келген. Бұдан бөлек, шаңырақ көтергендер саны да едәуір азайған еді – 6,833 млн. Қытай мемлекеттік статитистикалық басқармасы халық саны 1,411 млрд-қа дейін азайғанын жариялады, бұл көрсеткіш 2021 жылғысымен салыстырғанда 850 мың адамға кем.

Ұқсас материалдар:

«Жасы 25-ке толмай жатып үйленген қалыңдыққа ақы төленеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasy-25-ke-tolmai-jatyp-uilengen-qalyndyqqa-aqy-tolenedi-19103/#gsc.tab=0);

«Қытайда халық санын көбейту үшін студенттерді «махаббат каникулына» жіберіп жатыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaida-halyq-sanyn-kobeitu-ushin-studentterdi-mahabbat-kanikulyna-jiberip-jatyr-18374/#gsc.tab=0);

"Қытайда туу көрсеткіші 2023 жылдың соңында ең төменгі деңгейге жетуі мүмкін" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaida-tuu-korsetkishi-2023-jyldyn-sonynda-en-tomengi-dengeige-jetui-mumkin-19011/#gsc.tab=0);

«Үндістан халық саны Қытайдан асып түсті» (https://islam.kz/kk/news/alem/undistan-halyq-sany-qytaidan-asyp-tusti-18031/#gsc.tab=0);

«60 жылда алғаш рет қытай халқы күрт азайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/60-jylda-algash-ret-qytai-halqy-kurt-azaidy-18021/#gsc.tab=0);

«Қытайда демографиялық апат басталып келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaida-demografiyalyq-apat-bastalyp-keledi-16293/#gsc.tab=0);

«Қытай «бір отбасы – бір бала» саясатынан түбегейлі бас тартпақ» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-bir-otbasy-bir-bala-sayasatynan-tubegeili-bas-tartpaq-14444/#gsc.tab=0);

«2050 жылға дейін қытай халқы екі есеге азаяды – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/alem/2050-jylga-deiin-qytai-halqy-eki-esege-azayady-zertteu-15836/#gsc.tab=0);

«Бір отбасына үш балаға дейін дүниеге әкелуге рұқсат етілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-otbasyna-ush-balaga-deiin-duniege-akeluge-ruqsat-etildi-15299/#gsc.tab=0);

«30 жылдан соң Қытай халқының жарты млрд-қа жуығын қарттар құрайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/30-jyldan-son-qytai-halqynyn-jarty-mlrd-qa-juygyn-qarttar-quraidy-12505/#gsc.tab=0);

«Әлем Қытай халқын көпісініп еді... Қытай халқы азайса, әлемге қандай қауіп төнеді?» (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-qytai-halqyn-kopisinip-edi-qytai-halqy-azaisa-alemge-qandai-qauip-tonedi-15227/#gsc.tab=0 

0 пікір
Мұрағат