Жапонияда 65 жастан асқандардың саны 1950-ші жылдан бері алғаш рет азайды
Жапонияда 65 жастан асқандардың саны 1950-ші жылдан бері алғаш рет азайды
10 ай бұрын 775 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінің 65 жастан асқан қарттар қарасы бүгінде 36,23 млн адамды құрайды. Бұл көрсеткіш өткен 2022 жылғысымен салыстырғанда 10 мың адамға кем. Осылайша Жапониядағы егде тұрғындар саны 1950-ші жылдан бері алғаш рет азайып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған арал мемлекеттің әкімшілік істер және коммуникация министрлігі келтірген дерекке жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл ретте осы жас санатындағы халықтың үлесі 0,1 пайыздық тармаққа өсіп, елдегі жалпы санның 29,1 пайызын құрады. 75 жастан асқан жапондықтардың саны бір жылда 720 мың адамға өсіп, 20,05 миллионға жетіп, алғаш рет 20 миллионнан асып түсті.Осы санаттағы әрбір 10-шы адам 80 жастан асқан. 2022 жылы Жапония халқының саны 125 миллионнан (124,94 миллион) туу көрсеткішінің төмендеуінен және қартаю процесінің жедел жүруі есебінен кеміді. 15 пен 64 жас аралығындағы еңбекке жарамды халықтың үлесі қазір 60,9 пайызды құрайды. Демографтардың юолжамы бойынша Жапония халқы алдағы жылдары үштен біріне қысқаруы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат