Қытай энергетикалық қауіпсіздігін арттыру үшін көмірді газға айналдыруға күш сала бастады
Қытай энергетикалық қауіпсіздігін арттыру үшін көмірді газға айналдыруға күш сала бастады
1 сағат бұрын 46 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай жылына шамамен 20 млрд текше метр жаңа CTG (көмірді газға айналдыру) қуаты әзірленуде. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Power ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Rystad Energy ұйымы келтірген дерекке сәйкес Қытай энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және ТГС жеткізу тізбегіне әсер ететін геосаяси қауіп-қатерді азайту үшін көмірді газға қайта өңдеу (CTG) бойынша өз саласын кеңейтуде. Аталған ұйым есебінде Қытайдағы CTG қуаты 2026 жылдың соңына қарай жылына 9,4 миллиард текше метрге (Bcm) жететіні, ал 2030 жылға қарай жылына 28 миллиард текше метрге дейін артатыны болжанған. Болжанған қуат Аустрияның көмірден алынған газға деген жылдық сұранысынан төрт есе асады. "Қытайдың көмірді газға қайта өңдеу бағдарламасы - энергетикалық қауіпсіздік доктринасының тікелей көрінісі. Сұйытылған табиғи газдың жеткізу тізбектері мен құбыр желілері геосаясаттың әсеріне жиі ұшырайтынын ескерген Қытай билігі шетелдік жабдықтаушыларға жүгінбей-ақ өндіре алатын, сақтай алатын және жылжыта алатын молекулаларға инвестиция салады", - деп мәлімдеді Rystad Energy компаниясының газ және сұйытылған табиғи газ нарығы жөніндегі вице-президенті Уей Сюн. Қазіргі уақытта 20 млрд текше метрге жуық CTG қуаты әзірленуде, олардың көпшілігі Шыңжанда орналасқан. Аймақтағы кейбір жобалардың мерзімі үш жылдан 12 айға дейін қысқартылды. Қытай қоршаған  ортаға зиянды қалдықтар бөлетін энергия көздері мен экологиялық жағынан таза саналатын қуат көздері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға ұмтылып келе жатқан мемлекет. Мәселен, CHN Energy Zhundong жобасын алайық: оның қуаты - жылына 2 млрд текше метр, ол электролиттік сутегіні интеграциялауды, сарқынды суларды қайта өңдеуді және жылына 550 000 тонна көміртекті аулау қуатын қамтиды.

0 пікір
Мұрағат