Қартаю процесі қарқын алған ел мәйітті өртеу ақысын көтеруге мәжбүр
Қартаю процесі қарқын алған ел мәйітті өртеу ақысын көтеруге мәжбүр
1 сағат бұрын 47 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапония халқының қартаюына қарай өлім-жітім көрсеткіші келесі он жылда бірнеше есе өсетін болады. Бұл жайында islam.kz порталы mainichi.jp ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кремация (мәйітті арнайы пеште өртеу) құнының өсуі Токиода дағдарысқа айналды. Күншығыс елі астанасының 23 округіндегі крематоридің жартысынан астамын басқаратын жеке оператор бағаның өсуіне және басқа да факторларға сілтеме жасай отырып, базалық төлемді өткен жылы 20% -ға көтерген болатын. 75 000 иеннен (шамамен 475 доллар) бастапқы алым 87 000 иенге (шамамен 550 доллар) дейін өсті. Бұл 15 жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есе көп.Аталған мегаполисте белгілі бір шарттарды сақтай отырып, кремация құнын 60 000 иенге (шамамен 380 доллар) дейін немесе одан да аз төмендететін «ғибадатхана жамағатын жерлеу» жүйесі бар. Алайда, осы көктемде бұл бағдарлама тоқтатылды. Ұлттық үкімет дау-дамайы мен шығыны шаш етектен крематорийлерді басқару ісін жергілікті билікке ысыра салғысы келеді. Ел бойынша шамамен 1300 объектінің 98% -ы мемлекеттік басқаруда, алайда, кремациялаумен негізінен Мэйдзи дәуірінен бері жекеменшік операторлар, дәлірегі, Токионың 23 округі бойынша көптеген жеке объектілер айналысады. Басқа жергілікті билік органдары басқаратын қоғамдық крематорилердегі төлемдер көп жағдайда не тегін, не 20 000 иен немесе одан да аз. Баға айырмашылығы үшін сынға ұшыраған Токио үкіметі ұлттық үкіметтен тарифтердің өсуі мен басқару саясатының өзгерістерін тежеуге мүмкіндік беретін құқықтық база құруды сұрап отыр. Дегенмен, мұндай жағдай орын алған күннің өзінде арадағы айырмашылық түбегейлі қысқармайды. Бұл басқа жергілікті билік органдарының шығындардың басым бөлігін мемлекеттік қаражатпен жабады. Токио қаласының билігі кремация шығынын пайдаланушылардың өздері көтеруі тиіс деген қағидат бойынша әрекет етеді. Тіпті, Токио үкіметі басқаратын жалғыз крематоридің өзі 59 600 иен (шамамен 377 доллар) базалық төлем алады. Жапонияда мәйіт кремацияланбаса, оны жерлеуге рұқсат берілмейді. Өлім-жітімнің артуына байланысты болашақта барлық кремация бүкіл Жапония бойынша, әсіресе, қала аудандарында сұранысты қанағаттандыра алмайды деген қауіп бар.

0 пікір
Мұрағат