Қытай электрмен жүретін автокөлік өндірісіне аса қажетті материал экспортына шектеу енгізді
Қытай электрмен жүретін автокөлік өндірісіне аса қажетті материал экспортына шектеу енгізді
1 жыл бұрын 942 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: China Daily / Reuters

Қытай билігі графит экспортын 2023 жылдың желтоқсан айының бас кезінен шектеу туралы шешім қабылдады. Қытай халық республикасының сауда-саттық министрлігі аталған шикізатты өндірушілерді минералды шетелге сатуы үшін арнайы рұқсат алуын міндеттемек. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай әлемдегі ең ірі графит өндіруші әрі экспорттаушы ел және электр көліктерінің аккумуляторларын жасау үшін әлемдегі графиттің 90 пайыздан астамын өңдейді. Бұл тараптағы шектеулер табиғи және жасанды графитті де қамтиды. Жасанды графитті сауда-саттық министрлігі уақытша бақылауына алды. Mysteel консалтингтік компания сарапшысы Шан Кенің айтуынша, Қытай билігінің бұл қадамы ең әуелі аэроғарыш секторы және аккумулятордың отандық өндірісіне байланысты ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін, дәлірегі, қамтамасыз ету үшін жасалып отыр. Бұдан бөлек, әлемдік нарықта электр көлігінің саудасының қызуына байланысты және аккумулятор шығаратын жаңа зауыт құрылыстарының жандануына орай графитке сұраныс артып келеді. Бұл жайт өз кезегінде аталған материал тапшылығын тудыруы мүмкін. Сөз орайы келгенде тамыз айының басында Қытай билігінің микросхем өндірісіне қажетті галлия мен германия металдарының экспортына шектеу қоюына байланысты аталған табиғатта сирек кездесетін минералдардың әлемдік бағасының шарықтап кеткенін айта кету керек. Қытай табиғатта сирек кездесетін металдар өндірісінің толық цикіліне ие жалғыз ел. Жоғары технологиялы жартылай өткізгіштерге қатысты шектеулер Америка құрама штаттары тарапынан да, Қытай тарапынан да орын алып отыр. Соңғы жылдары Қытай қоршаған ортаны қорғау үшін табиғи графит өндірісін азайтып, 2021 жылдан бастап синтетикалық шикізат өндірісін арттырды. Mysteel мәліметі бойынша синтетикалық графит өндірісі қазіргі уақытта Қытайда 70 пайызды құрайды. Goldman Sachs сарапшылары экспортына шектеу қойылған қытай аккумуляторларын ауыстыру үшін Батыс елдерінің 2030 жылға қарай 160 миллиард доллар шығынға бататынын алға тартып отыр. Оның 78,2 миллиард доллары аккумулятор өндірісінің қуаттылығын арттыруға, ал 60,4 миллиард доллары қажетті құрамдас бөліктерін, яғни, қосалқы бөлшектерін өндіруге жұмсалуы керек. Сонымен қатар, Батыс елдері литий, никел және кобальт өндірісіне 13,5 миллиард доллар, сондай-ақ, оларды өңдеуге 12,1 миллиард доллар бөлуі керек.

Ұқсас материалдар:

«Қытайдан аса құнды, табиғатта өте сирек кездесетін элемент табылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidan-asa-qundy-tabigatta-ote-sirek-kezdesetin-element-tabyldy-19303/#gsc.tab=0);

«Әлемде сирек кездесетін металдарды ең көп экспортайтын ел» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-sirek-kezdesetin-metaldardy-en-kop-eksportaityn-el-11624/#gsc.tab=0);

«АҚШ «чип соғысында» Қытайға тағы бір «соққы» бермек» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqsh-chip-sogysynda-qytaiga-tagy-bir-soqqy-bermek-19202/#gsc.tab=0);

«Чип соғысында» қытай тарапы қарымта қайтарды» (https://islam.kz/kk/news/alem/chip-sogysynda-qytai-tarapy-qarymta-qaitardy-18859/#gsc.tab=0);

«Қытайда ең дәулетті 100 чип өндірушінің байлығы 28%-ға ортайды» (https://www.islam.kz/kk/news/madeniet/qytaida-en-dauletti-100-chip-ondirushinin-bailygy-28-ga-ortaidy-17896/#gsc.tab=0);

«Қытай дамуының жаңа "платформасы" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-damuynyn-jana-platformasy-11484/#gsc.tab=0);

«Қытайдың аңдуға арналған технологиясын әлемге таратуының қаупі неде» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-anduga-arnalgan-tehnologiyasyn-alemge-taratuynyn-qaupi-nede-12513/#gsc.tab=0)  

«Германия 5G желісі бойынша қытай технологиясына тыйым салуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/germaniya-5g-jelisi-boiynsha-qytai-tehnologiyasyna-tyiym-saluy-mumkin-19196/#gsc.tab=0);

«Нидерланды озық технологияны Қытайға экспорттауға тыйым салды» (https://islam.kz/kk/news/alem/niderlandy-ozyq-tehnologiyany-qytaiga-eksporttauga-tyiym-saldy-18845/#gsc.tab=0);

«Үндістан да қытай технологиясынан бас тартты» (https://islam.kz/kk/news/alem/undistan-da-qytai-tehnologiyasynan-bas-tartty-19003/#gsc.tab=0);

«Ұлыбритания мемлекет нысандарындағы қытай жабдықтарын жояды» (https://islam.kz/kk/news/alem/ulybritaniya-memleket-nysandaryndagy-qytai-jabdyqtaryn-joyady-18733/#gsc.tab=0);

«Ұлыбританияда қытай дрондарын пайдалануға тыйым салуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/ulybritaniyada-qytai-drondaryn-paidalanuga-tyiym-saluy-mumkin-18182/#gsc.tab=0);

«Қытайдың «тыңшы» видеокамераларына тыйым салынуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-tynshy-videokameralaryna-tyiym-salynuy-mumkin-15397/#gsc.tab=0);

«Қытайдың аңдуға арналған технологиясын әлемге таратуының қаупі неде» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-anduga-arnalgan-tehnologiyasyn-alemge-taratuynyn-qaupi-nede-12513/#gsc.tab=0);

«НАТО бас хатшысы Қытаймен арадағы сауда-саттықты сақтықпен жүргізуді талап етті» (https://islam.kz/kk/news/alem/nato-bas-hatshysy-qytaimen-aradagy-sauda-sattyqty-saqtyqpen-jurgizudi-talap-etti-18792/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат