Туристер ағылып баратын мұсылман елі визаның қағаз нұсқасынан бас тартты
Туристер ағылып баратын мұсылман елі визаның қағаз нұсқасынан бас тартты
27 күн бұрын 501 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Vitissimo / Shutterstock / Fotodom

Мысыр цифрлық визаларды қағаз визалармен алмастырады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Пирамидалар елінің туристік компаниялары мен агенттіктер палатасының №104  хатын алға тартқан Telegram әлеуметтік желісіндегі Ресей Федерациясының турист операторларының қауымдастығының парақшасына жөн сілтеген Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Туристер мен шетелдіктер тамыз айының 1-нен бастап QR-кодтардың көмегімен аталған елге кіре алады. Әзірге сынақ түрінде  іске қосылады. Бұл бағыиттағы тәжірибе сәтті жүзеге асса, мұндай жүйе Мысырдың барлық әуежайына, соның ішінде Құрғада мен Шарм-еш-Шейхке енгізіледі. Саяхтатшының елге кіргенін растап төлқұжатқа жапсырылатын қағаз марканы QR-кодпен ауыстырады, Дәлірегі, ұшып келу залдарында орнатылған ресми сайт, мобилді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы алуға болады. Визаның құны алымдар мен салықтарды қоса есептегенде 36 долларды құрайды. Бұл ретте туристік компаниялар келер алдында 48 сағат бұрын туристің атына QR-кодты рәсімдей алады. Тамыздың 1-де жаңа жүйе тек қана Каир халықаралық әуежайында іске қосылады.

0 пікір
Мұрағат