|
Еуропа елінде жасөспірімдерге ата-анасының келісімінсіз түсік жасатуға рұқсат етілді
|
Данияның Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдың жаз мезгілінен бастап 15 және одан жоғары жастағы жасөспірімдерге ата-анасының рұқсатынсыз түсік жасатуға рұқсат берілетінін хабарлады. Сонымен қатар, жүктілікті тоқтату мерзімі 12 аптадан 18 аптаға дейін ұзартылады. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түсік жасатуға рұқсат етілген мерзімді ұзарту шарасы ең алдымен әйелдердің босанғанға дейінгі тексерулер кезінде алған ақпараттары бойынша әрекет етуге көбірек уақыты мен мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажет екендігі түсіндірілді. Тиісті өзгерістер 2025 жылдың маусым айынан бастап қолданысқа енеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2027 жылдан бастап Мысырға виза рәсімдеу 39 долларға дейін қымбаттайды. Қазақстан азаматтары Индонезияға 30 күнге дейін визасыз бара алады
■
Көрші елде діни тақырыптарды қозғайтын блогерлерге шектеу қойылады
■
Араб елі орман өртегендерді өлім жазасына кесетін заңды қабылдады
■
Қарапайым киім индустриясы биыл жаңа белесті бағындырады
■
Индонезия әлемдік халал нарығындағы 2,6 миллиард доллар құрайтын үлесін ұлғайтуға ұмтылады