|
Қарыны ашпайтын, ауырсынуды, шаршауды білмейтін 7 жасар бүлдіршін бар
|
Ағылшынның Хаддерсфилд қаласының жеті жасар тұрғыны Оливия Фарнсворт қарапайым қыз болып көрінуі мүмкін, алайда бұл олай емес.
Ол үшін ашығу, шаршау және ауыру сезімдері жат, деп хабарлады «planetanovosti.com» ақпарат көзі.
Оливия сирек кездесетін хромосомалық ауытқушылықтан зардап шегеді, деп жазды Metro.
Қыздың анасы Ники айтқандай, Оливияны көлік соққанда, ол еш нәрсе болмағандай тұрып, ары қарай жүріп кеткен. Сонымен қатар, Оливия бірнеше жыл бұрын ернін қатты зақымдап алды, алайда ол ауырғанды сезбеді. Оның келбетін қалыпқа келтіру үшін пластикалық ота жасауға тура келді, деп хабарлады TJ.
Қазір Ники қызындағы ауытқушылықтарды зерттеп, оны емдеу жолдарын іздеу үшін қаржы жинап жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді