Қару асынған сарбаздың дүкен аралауы бельгиялықтардың ашуын туғызды (видео)
Қару асынған сарбаздың дүкен аралауы бельгиялықтардың ашуын туғызды (видео)
8 жыл бұрын 3325

Рождествоға сыйлық аламын деп жұмыс орнын тастап кеткен бельгиялық сарбаздың бұл әрекеті отандастарының пікірін қақ жарды. Бір қолында қаруы, екінші қолында сыйлық салынған қалтасы бар сарбазды жаяу жүргінші бейнетаспасына түсіріп алыпты. Көп ұзамай оны әлеуметтік желіде бүкіл ел көреді. Осыдан соң брюссельдіктердің пікірі екіге бөлінеді. Бірі даттап жатса, енді бірі мереке деп түсіністік білдіріп, тіпті сөгіс жариялаған басшылықты сынға алған. Бейнежазба негізінде тәртіптік тергеу жұмыстары басталған. Айыппұл және санкция түрінде жаза қолдану мәселесі қазір шешіліп жатыр. Ал сарбаздың аты-жөні аталмай отыр. Брюссельде теракт болу қаупі үшінші деңгейде сақталғандықтан, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қорғау үшін бұл сарбаз бекетке қойылған екен. Стивен Вандепут, Бельгияның қорғаныс министрі: - Сарбаз әскери міндетіне кәсіби деңгейде қарамаған соң, қызметін шұғыл тоқтаттық. Жеке басқа қатысты жұмыстар борышын өтеу барысына араласып кетпеуі керек. Рождествоға сыйлық алу да осыған кіреді.

1 пікір
Мұрағат