Полиция шариғат шәлісін жамылған әйелді аяусыз соққыға жықты (ВИДЕО)
Полиция шариғат шәлісін жамылған әйелді аяусыз соққыға жықты (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 7335

Францияда тәртіп сақшыларының заңды белден басып, көшенің қақ ортасында, тапа-тал түсте шариғат шәлісін жамылған қорғансыз мұсылман әйелін жабылып, соққыға жыққаны қоғамның ашу-ызасын тудырды. Париж мегаполисінің маңындағы елді-мекенде көп қабатты үйдің биік балконынан түсірілген видеодан байқалғандай, соққыға жығылған мұсылман әйел көмек сұрап, жанұшыра айғайласа да тәртіп сақшылары елең етпей, тіпті, көзден жас ағызатын газ қолданған әйелге қарсы. Ал куәгерлердің сөзіне қарағанда, мұсылман әйел ұлын ұстап алғанына келісімін бермегені үшін соққыға жығылған. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Morocco World News» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Жәбірленуші әйелге медициналық көмек көрсеткен дәрігерлердің айтуынша, соққыға жығылған әйелдің денесіне түскен көгеру секілді жарақаттарды есептемегенде, омыртқасына, көзіне зақым келген. «Баласына араша түскені үшін анасын соққының астына алуға бола ма екен. Балаларымыз үшін біз де сөйтер едік. Олар оны ұрмай-соқпай былай алып кетуі керек еді. Бұл барып тұрған сұмдық екен», - деп жазыпты осы оқыс оқиғаға қатысты әлеуметтік желіде пікірін білдірген ғаламтор пайдаланушысы.

0 пікір
Мұрағат