Дания мектептерінде көшірудің алдын алу үшін жазбаша тапсырмалар ауызша қорғалады
Дания мектептерінде көшірудің алдын алу үшін жазбаша тапсырмалар ауызша қорғалады
1 сағат бұрын 47 kaz.inform.kz Зарина Туғанбаева

KAZINFORM – Данияда жоғары сынып оқушылары білім беру жүйесінде жасанды интеллект пайдаланудың ұлттық стратегиясы аясында көшірудің алдын алу үшін жазбаша тапсырмаларды ауызша қорғауы керек, деп хабарлайды The Guardian.

Негізгі шаралардың бірі – негізгі жазбаша тапсырмаларды міндетті түрде ауызша қорғауды енгізу. Жыл сайын шамамен 9 мың мектеп оқушысы осындай тапсырмаларды дайындайды, енді олар өз білімдерін ауызша емтихан кезінде қосымша дәлелдеуі керек.

Бұл шаралар 16 жастан асқан орта мектеп оқушыларына қатысты болады.

Бұдан басқа, мектептер оқушыларды жазбаша тапсырмаларды үйде емес, сыныпта мұғалімнің бақылауымен тікелей орындауға шақырады.

ЖИ-ді пайдалану ұлттық стратегияның бөлігі ретінде мектептер жазбаша емтихандар кезінде оқушылардың компьютер пайдалануын қадағалайтын құралдар енгізуі керек. Мектептер емтихандар мен сабақтар кезінде мектеп желісіндегі белгілі бір ресурстарға қол жеткізуді шектеу үшін сүзгілеу жүйелерін орнатуы тиіс.

0 пікір
Мұрағат