Қажылық талабын өрескел бұзған адам тұтқындалды (видео)
Қажылық талабын өрескел бұзған адам тұтқындалды (видео)
2 жыл бұрын 1222 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Йемен азаматы исі мұсылман қастер тұтатын қасиетті орында қажылық талабын өрескел бұзғаны үшін, дәлірегі, қандай да бір зайырлы қоғамға тән рәмізді алып жүруге тыйым салынғанына қарамастан, сондай-ақ, тек өлген марқұм мұсылман атынан ғана ұмра өтеуге болатын жерде діні бөлек, өткен аптада қайтыс болған Елизавета патшайым атынан қажылық еткені үшін тұтқындалды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сауд Арабиясының билігі қайтыс болған патшайым Елизавета II-нің атынан ұмра қажылығын өтеу үшін мұсылмандардың қасиетті қаласы - Меккеге бардым деген ер адамды қамауға алды. Йемендік ер адам әлеуметтік желіге дүйсенбі күні исламның мұсылман еместерге тыйым салынған ең қасиетті жері - Меккедегі Харам мешітінде түсірілген бейнеклипті жариялады. Клипте ол: «Патшайым Елизавета II-нің рухына ұмра өтедім, Құдайдан оны жәннатына шыншылдардың қатарында қабылдауын сұраймыз» деп жазылған жазу жазылған плакат ұстаған. Әлемжеліде йемендік азаматтың бұл әрекеті мұсылмандардың наразылығын тудырып, Twitter пайдаланушылары бұл бассыздыққа жол берген азаматты тұтқындауды талап етті. Саудия билігі Меккедегі қажыларға баннер алып жүруге немесе ұрандар айтуына тыйым салған. Ал қайтыс болған мұсылмандар атынан ұмра өтеуге рұқсат етілгенімен, бұл жоралғы әлемдегі ағылшын қауымының ана шіркеуі мен Англия шіркеуінің жоғарғы билеушісі болған Патшайым сeкілді мұсылман еместерге қатысты емес.

0 пікір
Мұрағат