Жамбыл обл.: Кәсіпорындарға сертификат табысталды
Жамбыл обл.: Кәсіпорындарға сертификат табысталды
2 жыл бұрын 1033 halaldamu.kz

Жамбыл облысындағы бірқатар кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификаты табысталды. Атап айтқанда, «Salam Bro», «Ai Ai Chiken», «Zhekas» фаст-фуд өнімдері, «Мясной Мир» шұжық өнімдері, «Алма Спайс» тағамдық қоспалары сертификатталды.

«Технолог мамандар мен инспектор-контролердың тыңғылықты жұмысы және лабораториялық тексеріс қорытындысынан кейін аталған кәсіпорын өнімдері «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» және «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандартына сай деп танылды. Сертификат табысталса да, алдағы уақытта міндетті аудит шаралары орындалатыны ескертілді. Жыл соңына дейін өңірдегі халал кәсіпорындар санын екі есе арттыру жоспарлануда», – деп хабарлайды жергілікті технолог Аблайхан Кәріпбаев.

0 пікір
Мұрағат