Пәкістанда төрт адам дінге тіл тигізгені үшін өлім жазасына кесілді
Пәкістанда төрт адам дінге тіл тигізгені үшін өлім жазасына кесілді
1 жыл бұрын 1996 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пәкістанда дін мен діни құндылықтарға тіл тигізді деп айыпталған төрт адамды өлім жазасына кесу туралы, ал бесіншісін жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Express Tribune мерзімді басылымына жөн сілтей отырып мәлім етеді. Пенджаб провинциясындағы Рауалпинди қаласының аудандық соты төрт айыпталушыны дарға асу жазасына кескен, ал бесіншісін жеті жылға соттаған. Өлім жазасына кесілгендерге қосымша 100 мың рупи айыппұл салынды. Сотталушыға 20 мың рупи айыппұл салынған.

Пайғамбарымызға (с.а.у.) тіл тигізіп, қасиетті Құранды қорлады деген күдіктілерге қатысты сот процестерін киберқылмыспен күрес бөлімі мен федералдық тергеу агенттігі жүргізген. Сотталушылардың қалта телефондарынан табылған видеолар мен әлеуметтік желідегі жазбалар сотталушылардың кінәсін дәлелдеді.

0 пікір
Мұрағат