Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды
14 минут бұрын 12 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ай сайын қайталанатын әйелдердің етеккірі циклінен айырмашылығы – ерлер организімі жыл ырғағына бағынады. Бұл жайында islam.kz порталы Newsweek ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ондаған жылдар бойы жүктілікті жоспарлауға қатысты пікірталастар негізінен әйелдердің репродуктивтік циклінің төңірегінен ұзап кетпеді. Овуляция, перзент сүю қабілеті, ана атану жасы, т.б. болашақ ата-аналар үшін негізгі тақырыптарға айналды. Алайда, таяудағы ауқымды зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ерлердің ұрпақ өрбіту процесіне қосқан үлесіне қатысты деректердің маңыздылығы жөнді еленбей келді.

Жаз мезгіліндегі шарықтау және қысқы құлдырау

Манчестер университетінің ғалымдары жыл ішінде ерлер ұрығының қалай өзгеретінін анықтау үшін әлем бойынша 15 000-нан астам ер адамның ұрық үлгілерін талдады. Нәтижесінде бала көтеру қабілеті ай сайын өзгеріп отыратын әйелдерге қарағанда ерлерден маусымдық ауытқулар байқалған. Бұл тараптағы зерттеу Reproductive Biology and Endocrinology мерзімді басылымында жарияланды.

2018 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңді қамтыған бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі сперматозоидтар қозғалысының аналық жасушаға жету қабілетінің, яғни, ерлердің ұрықтандыру қабілетінің, әсіресе, маусым және шілде айларында өзінің шырқау шыңына жететінін көрсетті. Керісінше, ұрық сапасының ең төмен көрсеткіштері қыстың ортасында - желтоқсан және қаңтарда тіркелген.

География және жарық күндердің әсері

Бұл тараптағы тәжірибеге 18-45 жас аралығындағы Дания мен Флоридадан келген ерлер қатысты. Таң қаларлығы, маусымдық заңдылық тұратын өңіріне қарамастан сақталған.

Бұл ғалымдарды ауа температурасының өзі ғана емес, кешенді маусымдық өзгерістер: күн сәулесінің ұзақтығы, дене белсенділігінің деңгейі, тіпті, суық тиюдің жиілігі негізгі фактор ретінде тіркелген. Репродуктивті жүйеге әсер ететін биологиялық ырғақтарды реттеуде жарық маңызды рөл атқаратын болып шықты.

Сапасы мен саны

Ерлер мен әйелдердің биологиялық тетіктері түбегейлі ерекшеленеді. Әйелдер жасы ұлғайған сайын таусыла беретін ұрық жасушаларының жұтаң қорымен ерекшеленеді. Ерлер организімі күн сайын жаңа шәуеттерді істеп шығара алады. Сондықтан ерлердің ұрпақ өрбіту қабілеті «резервке» емес, сапалы және белсенді бірліктерді осы жерде және қазір өндіру қабілетіне байланысты. 

0 пікір
Мұрағат