Өзбекстанда адам жүзін тұмшалайтын киім киюге заңмен тыйым салынды
Өзбекстанда адам жүзін тұмшалайтын киім киюге заңмен тыйым салынды
11 ай бұрын 1325 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы қоғамдық орындарда адамның бетін тұмшалайтын немесе адамды тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салуды ұйғаратын түзетуді тиісті заңнамасыа енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Парламенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, палатаның жалпы отырысында әкімшілік және қылмыстық кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қабылданды. «Қоғамдық орындарда азаматтардың жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киім кигендер үшін әкімшілік жауапкершілік шарасы енгізілуде», - делінген хабарламада. Аталмыш заң жобасы сенатқа (парламенттің жоғарғы палатасы) бекітуге жіберілді. Мұндай заң жобасы республикадағы қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталғаны және осыған ұқсас тыйымдар бірнеше елдерде, атап айтқанда, Үндістанда, Индонезияда, Қазақстанда, Мароккода және Еуропаның кейбір елдерінде қолданыста екені атап өтілді. Сондай-ақ, қылмыстық және әкімшілік кодекстерге азаматтардың  ұлттық, нәсілдік, этникалық немесе діни сенімі бойынша артықшылығын немесе кемшілігін насихаттағандарға, некелері тіркелмеген адамдар арасында неке қиюдың діни жоралғысын жасағандарды, заңсыз жолмен некелесіп, екі немесе одан да көп әйелмен бірге тұрғандарды, әйелдер мен ерлердің тең құқықтарын ашық жоққа шығарғандарды жауапкершілікке тартуға қатысты өзгерістер енгізілуде. Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы қабылдаған заңды сенат мақұлдап, президент қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

Ал sputnik.kz дерек көзінің мәліметі бойынша Қазақстан Республикасы аумағында: 

Сенат енгізген түзетулерде "деструктивті" киім кигендерге салынатын айыппұл сомалары көрсетілген.  

Деструктивті діни ағымдарға жататынын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоғамдық орындарда пайдалану, киіп жүру және тарату – ескерту жасауға не жеке тұлғаларға 50 АЕК (қазір елімізде 1 АЕК 2405 теңгеге тең, тиісінше 120 250 теңге), заңды тұлғаларға 100 АЕК (240 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді;

Жалпы діни радикализм көрінісі үшін ескерту немесе жеке тұлғаларға 50 АЕК (120 250 теңге), заңды тұлғаларға 100 АЕК (240 500 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған;

Егер мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық банк бюджетінің қаражатынан қаржыландырылатын ұйым қызметкерлері қызмет бабын діни бірлестіктердің мүддесіне пайдаланса, немесе біреуді діни жораларға және дінді оқып-үйренуге қатысуға мәжбүрлесе (егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса) жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе 10 АЕК (24 050 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін;

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған әрекет (әрекетсіздік) жеке тұлғаларға 200 АЕК (481 000 теңге), лауазымды адамдарға 300 АЕК (721 500 теңге), қызметіне тыйым сала отырып, заңды тұлғаларға 500 АЕК (1 202 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға  әкеп соғады.

0 пікір
Мұрағат