|
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
|
Малайзия – ислами қаржы саласында криптовалютаны жатсынбаған, яғни, цифрлы валютаны мейлінше белсенді енгізіп жатқан ел: бағалы қағаздар жөніндегі жергілікті комиссия кейбір криптовалюталарды шариатқа сәйкес деп таныған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Fitch Ratings ислам қаржысы жөніндегі директоры Сайып Шәукіге жөн сілтеген Аsian Вanking and Finance мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Цифрлық активтердің реттелетін биржаларындағы жалпы сауда құнының жылдық көрсеткіші 23% -ға өсіп, 2025 жылы 4 млрд доллардан асты. Аталмыш қаржы ұйымы сарапшысының айтуынша, криптовалютаны барлық ел немесе барлық мекеме енгізіп жатқан жоқ. Бұғанн «түрлі діни түсініктер, әлемдік ислам қаржы ұйымдары тарапынан басшылықтың жоқтығы және банктердің бұрынғысынша шектен тыс сақтығы» себеп болып отыр. Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы осынау мұсылман елінің цифрлық активтер биржаларының үлесі акциялардың ішкі нарығы құнының 2,5% -ын ғана құрайды. Банктердің бұл саладағы қадамы негізінен тіркелген операторлардың қызметтерімен шектелген. Ал Таяу Шығыс өңірінде Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) виртуалды активтердің жаһандық орталығына айналып келеді. БАӘ-нің жоғарғы шариғат билігі 2025 жылы биткоинмен сауда жасауға рұқсат еткен болатын. Бахрейнде криптоактивтер бойынша қызметтің тоғыз жеткізуші түрі жұмыс істейді. Ал Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің алты елінің - Түркия, Пәкістан, Иордания және Мысырдың бірқатар ислам банктері лицензияланған биржалардағы төлем шлюздері ретінде криптограммалық экожүйеге жанама түрде қатысады.