|
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
|
Бахрейн билігі экономиканы мұнай экспортына тәуелділігін азайту бағытында, дәлірегі, ел экономикасын әртараптандыру бағытында түрлі жобаларды қолға ала бастады. Бұл жайында islam.kz порталы Al Hilal Publishing and Marketing Group ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта мемлекет қаржыландыратын жобаларды жүзеге асыратын шетелдік немесе жекеменшік компаниялардан жұмыс орнының кем дегенде 80 пайызын жергілікті халыққа тиесілі болуын қарастыратын заң жобасы парламент тарапынан мақұлданды. Десе де сарапшылардың кейбіреуі мұндай талап шетеллік инвесторларды “үркітуі” мүмкін екенін ескертуде. Дегенмен, жергілікті халықтың арасында белгілі бір саланың қыр-сырын меңгерген арнайы маман табылмаса министрлер кабинеті ондай мамандарды оқыту мүмкіндіктерін қарастыруы тиіс. Мұндай талапы елегісі келмейтін шетелдік немесе жекеменшік компаниялардың мемлекет жариялаған тендерлерге қатысу құқығынан айырылуы мүмкін. Бір қызығы, қара жұмысқа (еден жуу, құрылыс, т.б.) жергілікті халық тартылмауы тиіс. Осындай да талап қамтылған. Осы орайда мұндай талаптар Біріккен Араб Әмірлігінде де, Катарда да, Кувейт те, т.б. барын айта кетпекпіз. Бұл мемлекетке бір оқпен екі қоянды атып алуға көмектеседі: жобаны жүзеге асыра алатын компаниялар арқылы жергілікті халықтыі біліктілігін шыңдау және жұмыспен қамту.