Иран беспилотниктері қауіпті қаруға айналып келеді
Иран беспилотниктері қауіпті қаруға айналып келеді
2 жыл бұрын 3410 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдің қорғаныс министрі Бенни Ганц биылғы Иранның ең қауіпті қаруына беспилотниктер жүйесін жатқызып отыр. Қауіпті болатын себебі, ирандық беспилотниктері технологиялық жағынан жетілдіріліп, өзге қаруды тасымалдайтын қосымша техникалық мүмкіндікке ие болған. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израил қорғаныс министрінің мәлімдемесіне сенсек, парсылық әскерилер беспилотниктер көмегімен Сириядан қару тасымалдауға көшкен. Осылай деген ол шиғалар елінің ұшқышсыз ұшатын аппараттар кешенінің базасы Шабақар мен Кешмеде орналасқанын да жария етті. Израил қорғаныс министрінің бұл мәлімдемесінен өзге ирандық беспилотниктер жүйесі бұрыннан қалыптасқанын айта кетпекпіз. 2019 жылы ирандық әскерилер беспилотниктер мен қанатты зымырандарды Саудия аумағындағы Абқайық энергетикалық нысандарға қарсы пайдаланған болатын. Бұдан бөлек, Йемендегі хусит тайпасына және Ирактағы шиғалар бүлікшілеріне, сондай-ақ, әлемнің көптеген елінде және Қазақстанда қызметі мен насихатына  тыйым салынған Хезболла ұйымына беспилотниктер технологиясын берген болатын. Осы жылдың шілде айында Иран әскерилері дрондарды Оман шығанағындағы кемеге шабуылда пайдаланған. 2019 жылы АҚШ Иранға осы беспилотниктері үшін санкция салған болатын: шиғалар ұшқышсыз ұшатын аппараттарын пайдаланып, Таяу шығыстағы қақтығыстарға белсене араласқаны үшін. Иранда беспилотниктер қалай пайда болды? Мәселен, 2019 жылы Иранның беспилотниктері қатысқан аса ірі әскери жаттығу өтті. Бұл жаттығуда 50-ге тарта ирандық соққы беруші беспилотниктер қатысқан. Дегенмен сарапшылардың назарын "ұшатын қанат" деп аталатын әлеуеті зор беспилотник өзіне аударған еді. Бұл беспилотник 2011 жылы ирандықтар қолға түсірген RQ-170 Sentinel америкалық беспилотник технологиясы негізінде түрлі пішінде және көлемде құрастырылған. Төменде 2019 жылғы Иран беспилотниктері туралы видеоны назарларыңызға ұсынамыз: 

0 пікір
Мұрағат