|
Оңтүстік-шығыс Азия елдері бірыңғай халал стандартын енгізуі мүмкін
|
Филиппин оңтүстік-шығыс Азия елдерін (АСЕАН) биылдан қалмай аймақта бірыңғай халал стандартын енгізуге шақырды. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АСЕАН-ға мүше елдер осындай қадамға барса немесе осы бастамаға қолдау білдірсе, ислам елдеріне экспорт мөлшерін арттыруға болады, деп санайды Филиппин билігі. АСЕАН құрамында үш мұсылман мемлекеті бар – Бурней, Малайзия және Индонезия. Осы үш мемлекетте АСЕАН халқының 45%-ы тұрады. Яғни, нақты санға шаққанда 680 млн-нан аса адам. Ал Филиппинде католиктер қарасы көп – ел тұрғындарының шамамен 10%-н құрайды. "АСЕАН мемлекеттері ислам құқығына негізделген халал сертификаттау ережелерін сақтайды. Алайда, сертификаттау рәсімдері, аккредиттеуге қойылатын талаптар, институционалдық тәртіп пен мойындау жүйелері әртүрлі", - деп түсіндірді АСЕАН сауда және өнеркәсіп департаменті. «АСЕАН ішіндегі халал стандарттары,ең алдымен азық-түлік өнімдеріне қатысты стандарт бірізділікті қамтамасыз етеді, шығындарды қысқартады, экспорттаушылар үшін нарыққа шығуды жеңілдетеді, тұтынушылардың сенімін арттырады және АСЕАН ішіндегі сауда-саттықты нығайтады», - деп толықтырды департаментте. Халал тағамдарының әлемдік нарығы ұдаайы ұлғайып келеді. 2024 жылы шариғат талаптарына сай өнімдер мен қызметтер нарығындағы айналым 1,53 триллион долларды құрады.