Өлім жазасы азайып келеді
Өлім жазасы азайып келеді
3 жыл бұрын 1750 материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы, яғни, 2020 жыл соңғы он жыл ішінде өлім жазасы ең төменгі көрсеткішке жеткен жыл болды. Бұл жайында islam.kz порталы Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының сайтында келтірілген дерек пен жыл сайынғы есебіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ұйымның мәліметі бойынша өткен 483 адамға өлім жазасы қолданылған. Бұл көрсеткіш соңғы он жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Әлемде өлім жазасының бұлайшы күрт кему себептерін аталған ұйымның бас хатшысы Куми Найду былай түсіндіріп отыр: өлім жазасы арқылы қылмысты түбегейлі жою мүмкін емесін әлем елдері түсіне бастаған әрі азаның бұл ауыр түріне қатысты көзқарасын өзгерткен. Әлемде өлім жазасын қолданудан Иран, Мысыр, Ирак және Саудия көш бастап тұр. Өткен жылы өлім жазасына кесілгендердің, дәлірегі, өлім жазасы қолданылған 483 адамның 88 пайызы аталған елдерге тиесілі. Алайда, өлім жазасы жиі қолданылатын Қытайда мұндай ақпарат жасырын ұсталатындықтан, өкінішке қарай, бұл тарапта ресми дерек жоқтың қасы. Қытайда өлім жазасы мемлекеттік құпия саналады. Таяу шығыс пен Африка құрлығының солтүстігін жайлаған елдерде тіркелген жалпы өлім жазасының саны 2019 жылы 579 болса, бұл көрсеткіш 2020 жылы 437 болған. Сондай-ақ, Бахрейндегі, Белорусиядағы, Пәкістандағы, Сингапурдегі, Судандағы және Жапониядағы өлім жазасына қатысты мәліметтер де беймәлім болып қалған. Үндістанда, Оманда, Катарда және Тайванда өлім жазасы қайта қалпына келтірілген. 

Ұқсас материалдар:

«Балаларға қатал қарағандар өлім жазасына кесіледі» (https://islam.kz/kk/news/alem/balalarga-qatal-qaragandar-olim-jazasyna-kesiledi-14894/#gsc.tab=0);

«Психикалық ауруға ұшырған айыпталушыға өлім жазасы қолданылмайтын болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/psihikalyq-auruga-ushyrgan-aiyptalushyga-olim-jazasy-qoldanylmaityn-boldy-14808/#gsc.tab=0);

«Ең шығыны көп жаза – өлім жазасы: бір өлім жазасының өзі 4 млн долларға жуық шығынды қажет етеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/en-shygyny-kop-jaza-olim-jazasy-bir-olim-jazasynyn-ozi-4-mln-dollarga-juyq-shygyndy-qajet-etedi-12563/#gsc.tab=0);

«Өткен жылы Саудиядағы өлім жазасына кесілгендердің жартысынан көбісі – шетелдіктер» (https://islam.kz/kk/news/alem/otken-jyly-saudiyadagy-olim-jazasyna-kesilgenderdin-jartysynan-kobisi-sheteldikter-13017/#gsc.tab=0);

«Әлемде өлім жазасы азайып келе ме әлде...» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-olim-jazasy-azaiyp-kele-me-alde-7850/#gsc.tab=0);

«Өлім жазасы азайып келеді» (https://www.islam.kz/kk/news/alem/olim-jazasy-azaiyp-keledi-11701/#gsc.tab=0);

«Исламды қабылдаған аса қауіпті қылмыскер өлім жазасы қарсаңында ерекше өтінішін жеткізді» https://www.islam.kz/kk/news/alem/islamdy-qabyldagan-asa-qauipti-qylmysker-olim-jazasy-qarsanynda-erekshe-otinishin-jetkizdi-11407/#gsc.tab=0);

«Жапонияда қанша адам өлім жазасын күтіп жатыр немесе күншығыс еліндегі ең ауыр жазаның ерекшелігі неде» (https://islam.kz/kk/news/alem/japoniyada-qansha-adam-olim-jazasyn-kutip-jatyr-nemese-kunshygys-elindegi-en-auyr-jazanyn-ereksheligi-nede-11237/#gsc.tab=0);

«Қытайда өлім жазасы тағайындалатын пара көлемі бекітілді» https://islam.kz/kk/news/alem/qytaida-olim-jazasy-tagaiyndalatyn-para-kolemi-bekitildi-4897/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат