Жапонияда қанша адам өлім жазасын күтіп жатыр немесе күншығыс еліндегі ең ауыр жазаның ерекшелігі неде
Жапонияда қанша адам өлім жазасын күтіп жатыр немесе күншығыс еліндегі ең ауыр жазаның ерекшелігі неде
5 жыл бұрын 3740 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапонияда таяуда екі адамға өлім жазасы қолданылды. Осыдан 30 жыл бұрынғы кісі өлімі үшін. Дәлірегі, қылмыс синдикатының мүшесі әрі бұрынғы инвестициялық кеңесші қарақан басының қамы үшін екі адамды бақилық қылған. Осы өлім жазасының алдында, шілде айында «Аум Синрикё» деп аталатын әлемге танылған жапондық террористік сектаның көсемі Секо Асахара мен оның 12 сыбайласына өлім жазасы қолданылған еді. Биыл күншығыс елінде ұзын саны 15 адам өлім жазасына кесілген екен. Бұл соңғы он жыл ішіндегі ең максималды көрсеткіш. Қазіргі уақытта аталған елде тағы 107 адам өлім жазасын күтіп жатыр. Бұл елде өлім жазасына кесілген адам жазаның орындалуын күту мерзімі орташа есеппен алғанда алты жылға созылады.Аса ауыр қылмыс жасағандарға өлім жазасы қолданылатын елдерде ең ауыр жаза туралы азды-көпті дерек табуға болады. Алайда, жапондар бұл тақырыпты жарияламайды, яғни, өлім жазасына қатысты ақпаратты жасырын ұстайды. Әлі күнге дейін күншығыс елінде өлім жазасы 1873 жылы қабылданған заңғы сәйкес жүзеге асырылады, яғни, өлім жазасына кесілген адамды асады. Бүгінгі таңда өлім жазалары адамның қиналмай өлуі үшін барынша жетілдіруде. Жапондардың өлім жазасын өзгеріссіз қалдырғанын халықаралық құқық қорғаушылар сынға алып жатыр. Дамыған елдер арасында тек екі елде ғана өлім жазасы қолданылады: АҚШ және Жапония. Десе де АҚШ пен өлім жазасын өолданатын елдер арасында өлім жазасын қолдану көрсеткіші ең төмен ел - осы Жапония. Салыстырмалы түрде алғанда. Күншығыс елінде өлім жазасына адам 11 бап бойынша кесіледі. 

0 пікір
Мұрағат