Мысыр аумағынан мұнай-газ кеніші табылды
Мысыр аумағынан мұнай-газ кеніші табылды
1 ай бұрын 755 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда Мысыр аумағынан мұнайдың жаңа мұнай-газ кен орны табылды. Жерорта теңізіндегі олжаны British Petroleum (BP) қызметкерлері анықтаған. Ақпаратты Мысыр премьер-министрі Мұстафа Мадбули растады. Бұл жайында islam.kz порталы caliber.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. King Mariout ауданындағы бұл кен орны елдің энергетикалық ахуалын едәуір оңалтады. Бұл кен орнының табылуы Мысыр аумағындағы геологиялық барлау жұмыстары өз жемісін бере бастағанын көрсетеді. Бұдан бөлек, 2023 жылы Суэц шығанағынан да мұнай кеніші табылған болатын. Бұл кеніштің әлеуетті қуаты тәулігіне 2500 баррелге жетеді, деп бағаланды. Бұл қадам Мысырдың энергетикалық секторын дамытудың ауқымды бағдарламасының бір бөлігіне айналды. 2023 жылы аталған мемлекет, сондай-ақ, Батыс шөлі мен Суэц шығанағынан Жерорта теңізі мен Ніл атырабына дейін түрлі өңірлерде орналасқан 53 жаңа кен орнының ашылғаны туралы хабарлады.

0 пікір
Мұрағат