Араб елі криптовалютаны пайдалануды ұйғаратын заң жобасын әзірлеуде
|

Марокконың орталық банк жетекшісі Әбділәтіп Жуар криптовалюта туралы заң жобасының әзірленіп жатқанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Bank Al Maghrib цифрлы активті реттейтін заң жобасын әзірлеген. Бұдан бөлек, орталық банк цифрлы валютаны жасау әдістерін қарастырып жатыр. Бір ерекшелігі немесе орталықсыздандырылған криптовалютадан айырмашылығы - криптовалютаны орталық банктің өзі қадағалайды. Ақшаның осынау түрінің мемлекет жүргізетін саясаттың нақты бір мақсатына жетуіне қалай ықпал ететіні зерттеледі. Осы орайда Марокко билігінің 2017 жылдан бері криптовалютаға тыйым салғанын айты кетпекпіз. Әлемдегі цифрлы активке қатысты өзгерістер аталған араб елінің криптовалютаға көзқарасын өзгертті.




