Мұсылман елі қайтыс болған мемлекет қызметкерінің отбасы мүшесін мемқызметке қабылдау ережесінің күшін жойды
|

Пәкістан билігі қайтыс болған мемлекеттік қызметкердің отбасы мүшесін мемқызметкер автоматты түрде қабылдау жүйесін жойды. Бұл жайында islam.kz порталы Express Tribune ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл шешім мұндай жүйе конституцияға қайшы және кемсітушілік деп таныған жоғарғы соттың 2024 жылдың қазан айындағы қаулысына сәйкес келеді. Дегенмен, қайтыс болған қызметкерлердің отбасы мүшелері бұрынғысынша премьер-министрдің көмек пакеті шеңберінде басқа да жеңілдіктерге құқылы болады. Аталмыш қаулы теракт салдарынан қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына қолданылмайды. Жоғарғы соттың шешіміне дейін орын алған тағайындауларға осы қаулы қолданыламайды. Осы уақытқа дейін қайтыс болған немесе денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шыққан қызметкердің жесірі, жұбайы немесе баласы мемлекеттік лауазымға ашық конкурс (байқау) немесе сіңірген еңбегі негізінде іріктеу өткізудің қажеттілігінсіз тағайындалып келген еді.




