Мұсылмандарға қатысы жоқ іс-шараларға, жерлеуге немесе ғибадат ғимараттарына баратын мұсылмандар үшін жаңа ереже ұсынылды
|

Мұсылмандарға қатысы жоқ қандай да бір іс-шараларды (жерлеу, мерекелік шаралар, мұсылмандарға жат ғибадат ғимараттарында өткізілетін шаралар) ұйымдастырушылар мұсылмандарды немесе мұсылман жамағатының жетекшілерін шақырмас бұрынжергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы thestar.com.my ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл арада осы айдың соңына дейін ислам істері жөніндегі ұлттық кеңестің Мұзақара комитеті әзірлеуі тиіс мұсылмандарды исламға қатысы жоқ іс-шараларға тарту бойынша қолданыстағы талаптардың жаңартылған нұсқасы турасында сөз болып отыр. Малайзия премьер-министрінің дін істері жөніндегі министрі, сенатор Датұқ Мұхит Найым Мұхтар мұндай бастаманың мұсылмандардың ар-намысына тиюі мүмкін келеңсіз жайттардың алдын алу үшін көтеріліп отырғанын мәлімдеді. Жаңартылған ережеде өзге наным-сенімді насихаттайтын немесе дәріптейтін сөздер мен ән-күй, қойын кітапшалар болмауы тиіс. Бұған қоса, мұсылман дінін қорлайтын немесе кемсітетін іс-әрекеттерге жол беерілмейді, сондай-ақ, күнделікті бес уақыт намаз кезінде, жұма намазы кезінде іс-шарлаар өткізуге болмайды. Бұдан бөлек, қандай да бір іс-шара мешіт маңында, мұсылмандар мазарының жанында, т.б. өткізілууге тыйым салынады. Іс-шара өтетін жерде өзге наным-сенімнің белгісі болмауы керек.




