Автокөлік доңғалағынан бастап, медициналық протезге дейін жарамды аса берік әрі биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластик жасалды
Автокөлік доңғалағынан бастап, медициналық протезге дейін жарамды аса берік әрі биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластик жасалды
2 ай бұрын 1537 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Корнелл университетінің ғалымдары термосеттингтік пластмассалардың (енді ерітіп, нығайтылғаннан кейін қайта өңдеуге келмейтін материал) экологиялық жағынан таза нұсқасын жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталын Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінгі таңда қайта өңдеуге келмейтін мұндай пластиктер үлесі полимерлік бұйымдардың 15–20%-ын құрайды. Мәселен, мұндай пластикке желім, автокөлік дөңгелегі, боулинг ойынына арналған шар, т.б. жатады. Ал тозған соң қоқысқа тасталады. Қайта өңдеуге келмейтіндіктен. Сол себепті, қоршаған ортаны ластаушы заттардың қатарында тұр. Осыны ескерген ғалымдар ыдырап жоғалатын нұсқасын жасай алды. Қазіргі заманғы полимерлердің қиындығы сонда - полиуретан және этилен-пропилен каучук сияқты материалдардың тігілген полимерлік құрылымы бар - олардың молекулалары өрілген жіптер сияқты берік желіні құрайды. Мұндай материал ұзақ мерзімді, яғни, ұзақ уақытқа жарамдылығын сақтағанымен, өңдеуге мүлдем келмейді: отта ерімейді, жанады. Жанғанда атомосфераға орасан зор көмірқышқыл газын бөледі. Сондықтан жағып жою да тиімсіз. Бретт Форст есімді ғалым бастаған топ биомассадан алынатын мономер дигидрофуранды (DHF) пайдалана отырып, осы проблеманың шешімін тапты. Полимерлеудің екі сатысынан кейін DHF аса берік қасиеттерге ие тігілген полимерге айналады. Біріншіден, қайта өңделеді - қайта пайдалану үшін бастапқы мономерлерге бөлінеді. Екіншіден, ол табиғатта қауіпсіз компоненттерге ыдырайды. Жаңа материал автокөлік доңғалағы, медициналық импланттар және қаптама сияқты салаларда термореактивті пластикті алмастыра алады. Ғалымдар 3D-басып шығару технологиясына жаңа материалды енгізу және оның қасиеттерін басқа мономерлердің көмегімен жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде.

0 пікір
Мұрағат