Ирактың жоғарғы соты аты шулы, даулы заң жобасын өзгертті
Ирактың жоғарғы соты аты шулы, даулы заң жобасын өзгертті
2 ай бұрын 1489 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Maksim Konstantinov / Global Look Press

Ирактың жоғарғы соты өткен айда қабылданған даулы үш заң жобасының қолданысын тоқтатты. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Заң жобаларын түрлі блоктар дауыс беруге енгізген болатын. Аталмыш заң жобалары отбасы, рақымшылық (амнистия) және күрдтердің жерге құқығы мәселелеріне қатысты. Сотқа арызды депутаттар берді: олар бір мезгілде үш заң жобасы бойынша дауыс беру процедурасын заңға қайшы келеді, деп есептеді, өйткені, әрбір заң жобасы жеке талқыланып, қабылдануы тиіс. Сның ішінде сот шариғи қазылыққа неке, ажырасу және мұрагерлік сияқты отбасылық мәселелерді шешу ісінде үлкен өкілеттіктер мен құзырет беретін заң жобасын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Шағымданушылардың уәжінше, мұндай түзетулер бірыңғай отбасы кодексіне томпақ келеді. Ал заң жобасын қолдап жақтайтын шиғалардың мәлімдеуінше, бұл заң жобасы шариғат талаптарын қорғап, елді батыстың теріс әсерінен сақтайды. Десе де халықаралық құқық қорғаушылар тарапынан қатаң сынға ұшыраған, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарын шулатқан заң жобаларының бірінде 9 жастағы қыз балаға үйленуге рұқсат беретін нұсқасы өзгертіліп, қалыңдық пен күйеу тек ересек тартқанда ғана неке қидыра алатыныны айтылған. Дегенме, қалыңдық пен күйеу жігіттің нақты қай жастан бастап неке қидыруға болатынын айтылмаған. 

0 пікір
Мұрағат