Мұсылмандарды жерлеу мұңға айналған ел
Мұсылмандарды жерлеу мұңға айналған ел
2 жыл бұрын 991 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапониядағы мұсылман тұрындарының қарасы жыл сайын көбейіп келеді. 2020 жылдың соңында 230 мыңға тарта мұсылман болған екен аталған арал мемлекетте, алайда, мұсылмандарды діни талаптарына сай ақтық сапарға аттандыруға қолайлы жағдай жоқ. Бгінде күншығыс еі аумағында бар-жоғы жеті мазар ғана бар. Бұл жайында islam.kz порталы The Asahi Shimbun мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жапонияда жер тапшылығына байланысты мәйітті өртеу, яғни, кремация тәжірибесі кеңінен етек алып, қалыпты құбылысқа айналған. Мәселен, бір ғана 2019 жылы мәйіттердің 99,97%-ы өртелген. Бұл көрсеткіш Франциядағыдан 39,01%-ға, Италиядағыдан 30,68%-ға, АҚШ-тағыдан 54,58%-ға жоғары. Ал Жапонияға көрші, менталитеті ұқсас Оңтүстік Кореяда мәйіттердің 88,01%-ы өртеледі. Жергілікті мұсылмандар қауымдастығының жетекшісі әрі Рицумейкан Азия-Тынық мұхиты университетінің профессоры Хан Мұхаммед Тақырдың айтуынша, кремация мәйітті қорлаумен бірдей әрекет. Егер мәйітті жер қойнына тапсыратын жер табылмаса, марқұмның сүйегін шалғай түкпірге, тіпті, шетелге аттандыруға тура келеді. Бл да мәйітке құрметсіздік болады – сүйегі ұзақ уақыт бойы жерленбейді әрі оны тасымалдау құны қымбат тұрады.Оита префектурасында мұсылмандар қауымдастығының аймақтық бөлімшесі мұсылмандарға жеке мазар ашуды сұраған екен, жергілікті тұрғындар тарапынан қатаң сынға ұшыраған, мұндай жағдай барлық префектурада кездеседі. Осы елдегі өзге мемлекеттен келген мигрант мұсылмандар қайтыс болған туысын лайықты түрде ақтық сарапға шығарып салу үшін отанына тасымалдау ақысы қымбат болса да аттандырады. Ал Жапониядан өзге отаны жоқ мұсылман жапондар шарасыз жағдайда қалып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Берлинде мұсылмандарды жерлейтін орын жоқ» (https://islam.kz/kk/news/alem/berlinde-musylmandardy-jerleitin-oryn-joq-16683/#gsc.tab=0);

«Жалға берілетін экологиялық зират ашылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/jalga-beriletin-ekologiyalyq-zirat-ashyldy-15853/#gsc.tab=0);

«Мұсылманша жерлеу кремацияға және табытқа қарағанда экологиялық жағынан ең зиянсызы болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/musylmansha-jerleu-krematsiyaga-jane-tabytqa-qaraganda-ekologiyalyq-jagynan-en-ziyansyzy-bolyp-shyqty-14306/#gsc.tab=0);

«Экологиялық «жасыл жерлеу» трендке айналды» (https://islam.kz/kk/news/alem/ekologiyalyq-jasyl-jerleu-trendke-ainaldy-12743/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат