Жалға берілетін экологиялық зират ашылды
Жалға берілетін экологиялық зират ашылды
3 жыл бұрын 1770 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дронген қаласында (Фландрия, Белгия) әлем бойынша тұңғыш рет қоршаған ортаға қауіпсіз мазар ашылды. Мәйітті экологияға зияны жоқ жерлейтін әдісті ұйғарады – табыт толық биологиялық тұрғыдан ыдырайды (шіриді) және құлпытастар мен өзге де қабірге төселетін тастар қолданылмайды. Бұл жайында islam.kz порталы euro-pulse ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мазар аумағындағы мәйіт қабірлерінің арасында төселген жол мен қоршау атымен жоқ, тек ағаш орындықтар мен маңдайшалар ғана бар. Қайтыс болған адамның басына келген туған-туыстары мен дос-жарандары мазардың жанындағы ағашқа немесе бұта-қарағанға құстың үйшігін іліп кете алады. Мазардағы орындар сатылмайды, тек 25 жылға жалға беріледі – бұл уақыт аралығында мәйіттің денесі толық шіріп, табиғатпен біте-қайнасып кетеді. Соңғы жылдары еуропалық елдерде мәйітті жер қойнына тапсыру кезінде экологиялық тааптарды сақтауды әдетке айналдырып келеді. Бұл тарапта түрлі қоршаған ортаға зияны жоқ жобаларға басымдық беріліп келеді. Сондай жобалардың бірі – саңырауқұлақ жобасы. Голландық Loop компаниясы мицеллиядан (жіңішке тармақталған жіптерден тұратын саңырауқұлақтың вегетативті денесі мен актиномицеттер. Бұл турасында кезінде сайтымыздың эаңалықтар таппасында жарияланған материалдан толығырақ біле аласыздар: «Саңырауқұлақпен әлемді құтқаруға болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/sanyrauqulaqpen-alemdi-qutqaruga-bolady-15638/#gsc.tab=0) табыттар дайындауға көшкен еді. Адам мәйіті өлген соң саңырауқұлақ табытта табиғи тыңайтқышқа айналады. Осылайша оның мәйіті биологиялық әр алуандылықтың қалпына келуіне қызмет ететін болады. Дәлірегі, бұл табыт мәйіттен шіру кезінде пайда болатын микроорганизмдерді бөліп, топырақтың құнарын арттыратын тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Осындай мәйітті жерлеуге қатысты тағы бір экологиялық жобаға тоқтала кетсек, Делфтегі технологиялық университет (Нидерланды) ғалымдары мүк пен саңырауқұлақтан қолдан өсірілген, 45 күннің ішінде толық биологиялық тұрғыдан ыдырап топыраққа айналатын табытты саудаға шығарып келеді.

Ұқсас материалдар:

«Мұсылманша жерлеу кремацияға және табытқа қарағанда экологиялық жағынан ең зиянсызы болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/musylmansha-jerleu-krematsiyaga-jane-tabytqa-qaraganda-ekologiyalyq-jagynan-en-ziyansyzy-bolyp-shyqty-14306/#gsc.tab=0);

«Экологиялық «жасыл жерлеу» трендке айналды» (https://islam.kz/kk/news/alem/ekologiyalyq-jasyl-jerleu-trendke-ainaldy-12743/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат