|
Берлинде мұсылмандарды жерлейтін орын жоқ
|
Берлин қаласында Германиядағы ең көп мұсылман жамағаты тұрады. Аталған елге келген алғашқы мұсылмандар легінің аға буыны қартайып барады, оларды жерлейтін орын жоқ. Бұл жайында islam.kz порталы ArabNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Берлинде 250 000- 300 000 мұсылман тұрады. Мұндағы мұсылман отбасыларының жартысы қайтыс болған туысын шетелге жөнелтеді. Жерлеу үшін. Марқұмды туған жеріне жерлеу үшін жолға кететін әрі табытқа жұмсалатын шығын қымбат. Ең сорақысы, мәйіт бірнеше күн қатарынан жерленбейді, оны жерлейтін орынға жеткізгенше бірнеше күн өтіп кетеді. Берлин билігі жергілікті мұсылман жамағатының бұл қиындығынан хабардар, уәдені бергеніне он жылдай мерзім өткен, алайда, орындауға асығар емес.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Азия-Тынық мұхиты аймағының биоэнергетикасы 2035 жылға қарай әлемдік қуаттың 55% -ын қамтамасыз етеді
■
Әлемдегі ірілігі жағынан екінші орындағы жылдам дайындалатын кеспе нарығы мұсылман елінде
■
Бір еуропалық елдің өзінде мұсылмандар саны ширек ғасырда екі есеге өскен
■
Христиандар отбасы құндылығына “ауыр” соққы берілгеніне алаңдап отыр
■
Тағам ішіндегі жеуге жарамды микролазерлер тамақ өнеркәсібін түбегейлі өзгертуге қабілетті