Мұсылмандар үшін қасиетті сөзді террористер ұранына айналдырып алған
Мұсылмандар үшін қасиетті сөзді террористер ұранына айналдырып алған
8 жыл бұрын 3152 Ханшайым Амир ат-Табил

Мұсылмандар әр намазында ұмыт қалдырмайтын «Аллаһу акбар» (Алла ұлы) сөз тіркесін әлемнің түкпір-түкпірінде лаң салып, адам қанын шашып жүрген қой терісін жамылған қасқырлар өз ұрандарына айналдырып алған. Осыдан барып, онсыз да мұсылмандар жайында қате түсінік пен жаңсақ ұғымның жетегінде кеткен басқа наным-сенімдегілер исламды құбыжық көріп келеді. Дубай қаласында өткен Араб медиа форумында саудиялық ханшайым Амира ат-Табил осындай пікір білдірді. Бұл жайында «IslamNews» порталы «IBTimes» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. «2015 жылдың мамыр айының 2016 жылдың мамыр айының аралығында «Twitter» әлеуметтік желісінде ислам және мұсылмандар туралы ақпарат іздестіргендер қарасы 73 млн адамға жеткен. Бұл көрсеткіш адамдардың дінімізді білгісі келетінін көрсетеді. Алайда, «Google-нің» алғашқы бес парағы жарылыс ұйымдастырып, осынау қасиетті сөз тіркесін айғайлап айтқандарды көрсетеді»,- деді ол аталған жиын барысында. 

0 пікір
Мұрағат