Хафиз... священник болып кетті
Хафиз... священник болып кетті
8 жыл бұрын 4660

Баси Хафиз есімді  28 жастағы Судан азаматы Екатеринбург қаласындағы православ шіркеуінде священниктің көмекшісі болып қызмет етіп жүр. Ол 2012 жылы шоқынған. Жас жігітті аталған қаладағы Киелі Үштік соборында тұрған Қасиетті Құдай Ана белбеуін көру үшін жүздеген адамның кезекке тұрғаны назарын аударған болатын. Ғаламтордан христиан діні туралы ақпараттар мен мағлұматтарға қаныққаннан кейін христиандықты қабылдады. Оның тура жолдан бас тартқанын білген соң отбасы онымен хабарласуды қойды. Әкесі ұлымен тілдеспегеніне 4 жыл болды. Ендігі жерде Баси Хафиз Суданға қайтып орала алмайды, өйткені, ел заңы бойынша - «Діннен безген» бабы бойынша өлім жазасына кесуі мүмкін. «Суданда достарым қалды, олардың кейбіреуімен әлеуметтік желі арқылы хабарласып тұрамын. Ал кейібреулері мені есімнен ауысқан деп санайды. Туыстарыммен скайп арқылы сөйлесіп тұрамын. Бір кездері әйтеуір оларды да көріп қалармын деген үміт бар менде»,- деген оның сөзін "ТВК» ақпарат көзі келтірген.

2 пікір
  • Бұл мүмкін емес, уа ғайри ғамал
    8 жыл бұрын
  • Ал, менің ойымша бұл мүмкін амал. Һидаят Алладан ғой. Әкесі дініне берік екені көрініп тұр. Ал ұлына дұрыс Ислами білім берілмеген я болмаса берілсе де жүрегіне орнықпаған, Әрине, Судан Африкадағы эканомикасы өте төмен елдердің қатарында. Оңтүстік Африка Республикасы не Египетпен салыстыруға келмейді. Білім беру саласы кенжелеп қалған. Әрі Суданнын екіге бөлінуі де тек саясатқа ғана емес, білім беру саласына да қатты кері әсер етті
    8 жыл бұрын
Мұрағат