|
Мұсылман қазақ әйелі христиандарға шіркеу сыйлады (ВИДЕО)
|
Ресей Федерациясының Челябі облысына қарасты Троицк қаласында православ епархиясы мұсылман әйелден өзгеше сыйлыққа ие болды. Нақтырақ айтқанда, мұсылман әйел ғибадат ғимаратын православтарға тарту еткен. Тарқатып айтсақ, Ғалия Исекеева есімді кәсіпкер әйел кафе ашу үшін ескі ғимаратты сатып алған екен. Алайда, бұл ғимараттың бұрын ғибадат ететін орын болғанын білгеннен кейін алғашқы ойынан айнып, дәлірегі, Махалля мешітінің имам-мұхтасибі Аязбек Нұртышевтың кеңесімен православтарға тегін берген. Православтар оның сыйлығын қабыл алып, жөндеуден өткізуге ниетті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Tether алтын белгісі (XAU ) шариғат талаптарына сәйкестік сертификатына ие болды
■
Адамның қанша ғұмыр сүретінін айқындайдын ең басты ағза аталды. Ол жүрек емес...
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады