|
Мұсылман елі шариғатқа сәйкес биржалық инвестициялық қор құрады
|
Жаңа исламдық қаржы өнімі инвесторларға Индонезияның қор биржасында алтынды нақты құймаларсыз сатуға мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы Тhe Jakarta Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы осынау мұсылман елінің қаржылық қызметтер жөніндегі басқармасы (OJK) қор биржасының операторларымен бірлесіп, Жакарта қаласында шариғат талаптарына сәйкес келетін жаңа шариғи қорын жұртшылық назарына ұсынды. Өнім инвесторларға нақты алтынды сатып алу мен сақтаудың орнына Индонезия қор биржасы (IDX) арқылы алтын бағасын бақылауға мүмкіндік береді. ETF Индонезия ғұламалар кеңесіне қарасты ұлттық шариғат кеңесінің (DSN-MUI) пәтуасына сәйкес исламдық қаржыландыру қағидаттарын ұстанады. KSEI директоры Самсұл Хидаяттың айтуынша, қор нақты алтынды негізгі актив ретінде пайдаланады. Иелік ету процедурасы KSEI-де сақталатын электронды алтын қолхаттары (EGR) арқылы цифрлық түрде қадағаланады, ал инвесторлар үлестерді тікелей IDX-те сатып алады және сатады. Өнім жергілікті инвесторларға әдеттегі акциялар мен облигациялар шеңберінен шығатын қосымша нұсқаны ұсына отырып, нақты тауарларды ресми капитал нарығымен байланыстырады.