Күтім ауыртпашылығы өз-өзіне қол жұмсаудың бір себебіне ресми жатқызылды
Күтім ауыртпашылығы өз-өзіне қол жұмсаудың бір себебіне ресми жатқызылды
37 минут бұрын 42 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таңғы шық елінің билігі деменция дертіне (алжу ауруы) шалдыққандарды немесе өздігінен жүріп-тұра алмайтын науқастарды, яғни, кемтар жандарды бір өзі күтетін, яғни, мүмкіндігі шектеулі жандарды есептемегенде жалғызілікті отбасыларды шұғыл анықтау және қолдау туралы шешім қабылдады. Ерекше қажеттілігі бар жандарды жалғыз күтетін адамдарды өз-өзіне қол жұмсау қатері жоғары санатқа енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Келесі жылдан бастап өзіне-өзі қол жұмсау қаупі жоғары үй шаруашылықтары 72 сағатқа дейін шұғыл көмек алатын болады, ал үкімет ресми статистикада өз-өзіне қол жұмсаудың жекелеген себебіне «күтім және мейіргерлік күтім ауыртпалығын» жатқызатын болады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі министрлер кабинетінің отырысында «Күтім және күтім ауыртпалығымен байланысты суицидке жол бермеу шаралары» туралы есебін жариялады. Мұндай шешім отбасының қандай да бір мүшесінің науқасты немесе кемтарды күтумен байланысты әлеуметтен оқшауланып, денсаулығынан айырылып, психикалық күйзеліске ұшырап, ал ақыр соңында өз-өзіне қол жұмсау қаупіне әкеп соғатындықтан қабылданды. Министрліктің мәліметінше, бұқаралық ақпарат құралдарында келтірілген дерекке сәйкес 2006 жылдан бастап 2018 жылғы тамыз айына дейін күтім ауыртпалығына байланысты өзіне-өзі қол жұмсаудың 60 фактісі тіркелген. Олардың ішінде 51,7% өз жұбайына қамқорлық жасайтын қарт адамдарды («қарттарға күтім жасайтын қарттар» деп аталатындар), 25% - мүгедектігі ауыр балаларға күтім жасайтын ата-аналарды және 13,3% - ата-аналарына күтім жасайтын балаларды қамтыды. Алайда, ресми статистика әлі күнге дейін күтім ауыртпалығынан туындаған өзін-өзі өлтіру фактілерінің есебін дербес жүргізбеген еді. Оңтүстік Корея үкіметі жоғары қауіп-қатер тобындағы отбасыларды анықтау үшін осы жылдың екінші жартысындағы әлеуметтік қамсыздандыру деректерін пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл тарапта алжудың ауыр түріне шалдыққан реципиенттері және егде жұбайлары бар үй шаруашылықтарын, ақыл-есі кем екі және одан да көп адамдары және 65 және одан жоғары жастағы қамқоршылары бар үй шаруашылықтарын, мүгедектігі бар адамдарды қолдау сияқты мемлекеттік қызметтерді ұзақ уақыт пайдаланбаған үй шаруашылықтарын, сондай-ақ, 13-тен 39 жасқа дейінгі науқастарды күтетін жастарды анықтауға кіріседі. Сондай-ақ қауіп белгілерін ерте анықтау процедуралары әзірленуде. Осы жылдың екінші жартысынан бастап, ұзақ мерзімді күтімге өтініш бергенде билік отбасының күтім ауыртпалығынан қаншалықты зардап шеккенін тексереді. Мүгедектігі бойынша тіркеу кезінде отбасына күтім жасау ортасы бағаланады. Бұдан бөлек, 2027 жылдан бастап үкімет деменциясы бар пациенттер, дамуында кемістігі бар адамдар және психикалық аурулары бар адамдар үшін отбасылық күтім жағдайлары бойынша сауалнама жүргізетін болады. Бұған қоса, күтім ауыртпалығын өз-өзіне қол жұмсаудың жеке себебі ретінде жіктеп, осындау ауыртпалықты тартып отырғаны отбасының кірісі мен жиған дүниесінің және ауру күтіміне кететін шығын арасындағы корреляцияларды (алшақтықты) талдау үшін статистикалық жүйе құрылатын болады. Бір ғана 2024 жылы өзін-өзі қол жұмсаған 3 924 адам жалғызілікті өлімнің 13,4% (526 адам) құрады. Үкімет мұндай қауіп-қатері жоғары топтарға назар аударуы үшін өзін-өзі зақымдау, өзін-өзі өлтіру әрекеттері және депрессия туралы деректерді дағдарысқа қарсы әрекет ету жүйесіне енгізеді. Ұзақ мерзімді келешекте экономикалық, оқшаулау және күтім қатеріне байланысты дағдарыстық деректерді шоғырландыру үшін жасанды зерде технологиясы базасында интеграцияланған платформа әзірленетін болады.

0 пікір
Мұрағат