Мүмкіндігі шектеулі христиан жанып кеткен мешітке қалай көмектесті?
Мүмкіндігі шектеулі христиан жанып кеткен мешітке қалай көмектесті?
10 жыл бұрын 3360

Австралияның Тувумба қаласындағы мешітке қаскүнемдер от қойған болатын. Мұсылмандардың құлшылық үйіне қастық қылған адамның кім екені анықталған жоқ. Десе де, жергілікті жамағат қаскүнемді кешіріп қана қоймай, оның тура жолға келуі үшін дұға еткен болатын. Арбаға таңылған Лиз есімді мүмкіндігі шектеулі жан мұсылмандардың осы ізгі ниетін естіп білгеннен кейін көмек қолын созып, құрылыс материалдарын берді. «Алдымен «Мешіт те шіркеу секілді, адамдарға қажет», - деп тақтайшаға жазғым келген. Артынан оларға сөз емес, құрылыс материалдары керек екенін түсіндім», - деген ол құрылыс материалдарын өз қолымен әкеліп берді. Бұл жайында The Chronicle ақпарат көзі хабар таратты. «Әрбірден соң Иса (а.с.) ұста болғаны есіме түсті», -  деді ағынан ақтарылып.

0 пікір
Мұрағат