ҚМДБ қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды...
ҚМДБ қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды...
10 жыл бұрын 4212

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға бір күндік жалақысын аударды.

«Бауырларымыздың басына түскен ауыртпашылық – барша халқымызға, қоғамға ортақ мәселе. Қиналған пендеге көмектесу – мұсылмандығымыздың белгісі. Қазір Астана, Алматы, Қарағанды, өзге де облыстарда «Қайырымдылық керуені» атты акция жүріп жатыр. Қала, облыс мешіттерінде арнайы көмек жинау қоғамдық пункттері ашылды. Жамағат өз қалауымен тұрмыстық заттармен көмек беріп жатыр, азық-түлікпен де акциямызға үлес қосып жатқандар бар. Бүгін Алматыдан 20 тоннаны құрайтын жүк көлігі Қарағанды облысына жөнелтіледі. Оның ішінде тұрмысқа қажетті заттар, киім-кешектер бар. Діни басқарма бұдан бөлек бір күндік жалақысын аударды», – деді Бас мүфти Ержан Малғажыұлы журналистерге берген сұхбатында.

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Пенденің уайымына ортақтасса, оның уайымы азаяды, ал қуанышына ортақтасса, оның қуанышы артады», – деген.

Алла Тағала елімізді, жерімізді тосыннан келетін түрлі табиғи апаттардан сақтағай!

ҚМДБ Баспасөз қызметі

0 пікір
Мұрағат