|
Бүргеге өкпелеген жігіт көлігін өртеп жіберді
|
Нью-Йорк тұрғыны темір тұлпарын қаптаған бүргемен күресем деп жүріп, оны өртеп алғанын хабарлады lenta.ru-ға сілтеме жасаған 24.kz.
44 жастағы Скотт Кемери (Scott Kemery) бүргеден құтылу үшін танысының кеңесіне құлақ асып, көліктің ішіне спирттік ішімдікті шашқан. Артынша ол темекі тартқысы келіп, оның ішіне отыра салысымен оттықты тұтатыпты. Осы сәтте спирт сіңген көлік салоны лап етіп тұтанып, алапат өртке оранған. Кемеридің өзі сыртқа шығып үлгіргенмен, бірінші және екінші деңгейлі күйікке шалынып, ауруханаға түсті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді