Мекке келісімінің ресми атауы бекітілді
Мекке келісімінің ресми атауы бекітілді
39 минут бұрын 24 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның сыртқы істер министрлігі бірігіп қорғану туралы Мекке келісімінің аясында құрылған стратегиялық саяси әрі қорғаныс комитетінің алғашқы отырысының қорытындысы бойынша бірігіп жасалған мәлімдемені жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отрып мәлім етеді. Тамыз айының соңғы күнінде Стамбұл қаласында Мекке келісімі бойынша Түркияның, Пәкістанның және Сауд Арабиясының жоғары лауазымды ресми тұлғалары бас қосып, Түркияның  СІМ жетекшісі Хакан Фидан үш ел арасында құрылған альяныстың ресми атауын жария етті: «Мекке қорғаныс одағы». Түркияның СІМ басшысы бұл одақ Солтүстік Атлант саяси әрі әскери одағына балама ретінде құрылмағанын, Анкараның НАТО алдындағы міндеттеріне кедергі келтірмейтінін және өзге де халықаралық міндеттемелерін  өзгертпейтінін мәлімдеді. Аталған үш мұсылман державаларының ресми өкілдері аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылап, үш елдің қарулы күштері арасындағы өзара ынтымақтастық пен әрекетті жандандыру бағытындағы іс-шаралар белгіленді. Бұл одаққа өзге де мемлекеттер қосыла алатындығы айтылды.

0 пікір
Мұрағат