|
Жапония төсек қатынасын сатып алатындармен күресті күшейтеді
|
Күншығыс елінің әділет министрлігінің сарапшылар тобы таяуда жариялаған баяндама жобасында жыныстық қатынасты сатып алушылардың әрекетін реттеуін талап етіп отыр, ал осы мәселеге жауапты комиссия мүшелері ересектер үшін жезөкшелікті реттеуде абайлап әрекет етуге шақырды. Бұл жайында islam.kz порталы The Mainichi мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жезөкшелікті және жыныстық қатынасты сатып алуды қалай реттеу керектігін талқылаған аталмыш министрлік комиссия отырысында ұсынылған жоба бойынша көшедегі жезөкшелікті сатып алушылардың саудасын реттеу қажеттігілігін атап өтіп, жезөкшелікпен күрес туралы заңды қайта қарауды әрі жан-жақты талқылауды бастауды жоспарлап отырғанын жеткіздә және кінәлілердің нақты қандай іс-әрекеттер үшін жазаланатындығына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізуді көздеп отырғанын мәлімдеді. Жезөкшелікке қарсы күрес туралы заң Жапонияда 1956 жылы қабылданған. Онда жыныстық қатынасты сатып алуға және сатуға тыйым салынған. Десе де әйелдерді жезөкшелікке итермелеу әрекеті бойынша жаза қарастырылғанымен төсек қатынасын сатып алушыларға жауапкершілік көзделмеген. Бұл заңнамадағы олқылықты жою күг тәртібінне қойылып отыр. Гендерлік «теңгерімсіздік» 70 жылдан бері жалғасып келеді.