Миссионерлік қандай жағдайда құқық бұзушылыққа айналады
Миссионерлік қандай жағдайда құқық бұзушылыққа айналады
42 минут бұрын 26 kaz.inform.kz Алпамыс Файзолла

KAZINFORM – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті ресми сауалымызға жолдаған жауабында еліміздегі миссионерлік ережелері жөнінде мәлімдеді.

Комитет алдымен миссионерлік ұғымына анықтама берді.

– Заң талаптарына сәйкес, миссионерлік қызмет – ҚР азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында ҚР аумағында діни ілімді тарататын қызметі. Ал діни ілімді тарату – белгілі бір діннің негізгі догматтары, идеялары, көзқарастары және практикалары туралы ақпаратты жеткізуге, мәлімет беруге бағытталған қызмет, – делінген хабарламада.

Миссионерлікпен айналысу үшін азаматтар тіркеуден өтуі қажет. Тіркелмей, миссионерлікпен шұғылданса, заң бұзушылық болып есептеледі.

– Миссионер ретінде тіркелмеген тұлға өз конфессиясына үндесе, басқа сенім өкілдеріне өз сенімі туралы ақпарат берсе, мұндай жағдайлар құқық бұзушылық болып саналады, – делінген ресми жауапта.

0 пікір
Мұрағат