Медбикелерге де түсік жасату процедурасынан бас тарту құқығы берілуі мүмкін
Медбикелерге де түсік жасату процедурасынан бас тарту құқығы берілуі мүмкін
6 ай бұрын 633 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Татарстандағы бала құқығы жөніндегі уәкілетті өкіл Ирина Волынец Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының депутаты Вероника Власоваға медициналық қызметкерлерге де бала мен ана денсаулығына және өміріне қауіпті болмаса, түсік жасатудан бас тарту құқығын беру туралы ұсыныс жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта РФ-да жүктілікті жасанды жолмен үзуден бас тарту құқығы тек емдеуші дәрігерде ғана бар. Оның өзінде медициналық мекеменің лауазымды тұлғасымен ақылдасып барып, жазбаша түрде хабарлағаннан кейін, егер ана мен бала денсаулығына және өміріне қауіп төніп тұрмаса, түсік жасатудан бас тарту құқығын пайдалана алады. Осылайша уәкіл РФ азаматтарының денсаулығын сақтаудың негіздері туралы федералды заң баптарын өзгертуді ұсынып отыр. Жылдан жылға демографиялық ахуал кері кетіп бара жатқан РФ-да туу көрсеткішін арттыру бағытында әлеуметтік және материалдық ынталандыру шаралары қолға алынып жатыр. Соның ішінде түсік жасату фактілерін азайту шарасы да кіреді. Мәселен, түсік жасатуды насихаттауға тыйым салынған Мордовия, Твер және Тамбов облыстарында. Түсік жасатуды насихаттағанғанға да, түсік жасатқан әйелге де, жүктілікті жасанды жолмен үзген тұлғаға да ірі мөлшерде (200 мың рубл) айыппұл салынады. Сонымен қатар, федералды деңгейде жекеменшік емханаларда түсік жасатуға тыйым салатын заң жобасы мемлекеттік думаның қарауына әзірленіп жатыр. Әзірге Курск облысы мен Қырымда жекемееншік клиникалар бұл бастаманы қолдап, түсік жасату процедурасын жүзеге асырудан бас тартты. Туу көрсеткішін көтеру бағытында тағы бір бастама көтерілді: мемлекеттік думаның денсаулық сақтау комитетінің мүшесі Вероника Власованың айтуынша, түсік жасатқысы келген аяғы ауыр әйел ажырасып кетпесе, яғни, некеде тұрған күйеуінің де келісімін алуы тиіс. Сондай-ақ, депутат әйелдің өтініші бойынша түсік жасату мерзімін бір жарым есеге – сегіз аптаға дейінгі уақытта қоса алғанда қысқартуды ұсынды. Бұған қоса, 2024 жылдың қыркүйек айының 1-нен бастап жүктілікті үзуге арналған дәрі-дәрмек айналымына бақылауды күшейтеді. Соның ішінде мифепристон мен мизопростол саудасы қатаң есепке алынады.

0 пікір
Мұрағат